Көлсайдың 1 дәретханасы – 15 миллион

Malim Админ

  • 17.06.2020

Алматы облысы Кеген ауданының «Қаржы бөлімі» ММ Көлсай-Қайыңды көлдері аумақтарын санитарлық-гигиеналық тораптармен жабдықтау жұмыстарына Қазақтан Республикасы мемлекеттік сатып алулар порталында  екінші рет конкурс жариялады. Тапсырыс беруші: Кеген ауданының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі".

Ұйымдастырушы: Кеген ауданының "Қаржы бөлімі" ММ.

Автономды дәретханалық модульдердің (санитарлық - гигиеналық тораптар) саны – 7.

Жалпы құны – 93 750 000 (Қосылған құн салығынсыз). Конкурсқа 4 өнім беруші компания қатысқан. Конкурс кеше 18:00-де аяқталды. Берілген өтінімдер қаралып жатыр. Сонда Көлсай-Қайыңды көлдерінің аумағына салынбақ бір дәретхананың құны (қосылған құн салығымен есептегенде) – 15 миллион теңге.

Бұл конкурсты Кеген ауданының «Қаржы бөлімі» ММ осыған дейін де бір рет 6 мамыр мен 15 мамыр аралығында жариялаған болатын. Бірақ ол кезде конкурсқа екі өтінімнен кем ұсынылуына байланысты өтпеген деп тану туралы қорытынды хаттама шығарылған.

Бұл конкурс бірінші рет жариялаған кезде бұл жұмыстың құны 50 000 000 теңге болатын. Бір таңғаларлығы екінші конкурста дәретханалар саны мен техникалық сипаттамасы өзгермесе де бағасы 87,5 пайызға өскен.

[caption id="attachment_4733" align="alignleft" width="825"] Көлсай-Қайыңды көлдерінің аумағына салынбақ бір дәретхананың эскизі[/caption]

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

29.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

07.04.2025
MalimBlocks
Алматы облысында жер сілкінді

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

Оқиғаны видеоға түсірген жасөспірімнің де заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады