Облыс әкімінің атасына ескерткіш орнатылмақ

Жанар Қожанова

  • 09.10.2020

Ақтөбе облысындағы Байғанин ауданынан шу шықты. Тұрғындар аудан төрінен  «Тәйтәй батыр» деген тұлғаға ескерткіш қойылуына қарсы. Сөздерінше не тарихта, не ауыз әдебиетінде жоқ батырды дәріптеуге қазіргі Қостанай облысының әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ  ықпал етіп отыр.  Ескерткіш орнатуға бюджеттен 43 миллион теңге бөлініп отыр екен. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

«Ақын жыршылардың сөзінде жоқ, болмаса мына тұрғылықты халықтың аузында жоқ, арғы жағы белгісіз, қайдан келген, кім ол? «Тәйтәй» -дейді. Иә оның батыр екені, қойшы екені белгісіз»- дейді Қарауылкелді ауылының тұрғыны Ұзақбай КЕСІК.

Ауданның тұрғылықты халқы  ешбір тарихи деректерде жоқ, өмірінде естіп көремеген  «Тәйтәй» деген батырдың  ескерткіші салынуына түбегейлі қарсы. Олар карантин мезгілінде ескерткіштің құрылысына  бюджеттен 43  миллион теңге бөліп, ауданның қақ төрінен жер берген биліктің әрекетін де түсінбей отырмыз дейді. Сөздерінше Тәйтәй деген батыр  қазіргі Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың арғы атасы.

«Бұл Архимед Мұхамбетов деген қазіргі Қостанай облысының әкімі, бұрынғы біздің әкім. Үкіметпен есептеспей, жоғарыдан өздері билік жасап отыр. Мұны сыбайлас жемқорлық деп есептейміз. Сыпайлас жемқорлық кәдімгі. Бұны біз қойдыртпаймыз. Егерде ертең қоятын болса біздің халық көтеріледі»-дейді Рахметолла БАҚЫТОВ. 

Тұрғындар ескерткіштің салынуына да облыстық бюджеттен миллиондардың бөлінуіне де сол кісі ықпал етіп отыр дейді.

«Жан жағымыздан індет жалмап тұрғанда ата-бабасына, біреуге ескерткіш салу деген тіпті қисынға келмейтін зат. 43 миллион теңге ақша бөлінген. Нағыз пандемияның күйіп тұрған кезде.  Неге сол ақшаға біздің ауруханаға аппарат, болмаса дәрі дәрмек, немесе сол ауруханаға баратын жолды жасамасқа?», - дейді Байғанин ауданының тұрғыны Нұрлан НҰРЫМ.

Ал Байғанин  ауданның әкімі «Тәйтәй» батырға ескерткіш қоюды оның ұрпақтары ұсынғанын айтады. Алайда оның Мәдениет және спорт министрлігінде бекітілген, жалпыұлтттық деңгейде танылған «Тарихи тұлғалар» тізімінде бар жоғын білмеймін, тексермедік де дейді. Ал облыстық бюджеттен бөлінген ақша ескерткіштің айналасын абаттандыруға  керек болған екен. Алайда әлі бір тиынын да жұмсамадық деп ақталып отыр.

«43 миллион қаражат  айтып отырсыз ғой. Ол бөлінді. Бірақ жұмсалынған жоқ. Бұл қаражатқа ескерткіштің айналасын абаттандыру сияқты жұмыстар жасалу керек. Бірақ одан қаражат жұмсалған жоқ», - деді Байғанин ауданының әкімі Қайрат ОТАРОВ.

Енді Байғанин ауданының  халқы президенттің  іске араласыуын сұрайды. Олар Қасым-Жомарт Тоқаев  мүдделі топтың заңға қайшы әрекетін анықтап, жөнсіздіктерге жол бергендерді жөнге салса екен дейді.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігі 33 жолаушысы бар автобуспен соқтығысты

02.03.2025

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне қол салды

14.02.2025

Ақтөбе облысында автобус бұзылып, 61 шетелдік эвакуацияланды

23.01.2025

Балабақшалардан 54 млн теңге жымқырған есепшілер сотталды

25.11.2024
MalimBlocks
Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

Ақтөбе облысында жүк көлігі 33 жолаушысы бар автобуспен соқтығысты

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне қол салды

Ақтөбе облысында автобус бұзылып, 61 шетелдік эвакуацияланды

Олар Тәжікстаннан Ресейге бара жатқан

Балабақшалардан 54 млн теңге жымқырған есепшілер сотталды

Бухгалтерлер басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, ақшаны өз есепшоттарына аударған