Шарын, Көлсай мен Алтын Емел жерлері кімдерге берілді?

Malim Админ

  • 14.04.2021

"Көлсай көлдері", "Шарын" және "Алтын Емел" ұлттық табиғи парктері "туризм мен рекреация қызметін дамыту мақсатында" үш инвесторға ұзақ жылға пайдалануға берілді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Министрлік инвесторлар үш табиғи паркке 14,5 миллиард теңге құяды дейді.

Министрліктің хабарлауынша, табиғи парктердегі аумақты ұзақ жылға пайдалануға алу байқауына алты өтініш келіп түскен. Байқау нәтижесінде мына компаниялар жеңген:

"Шарын" ұлттық паркі бойынша – "Таунтон Плюс" ЖШС құрамындағы консорциум атынан QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі;

"Көлсай көлдері" бойынша – "Атырау-Рент" компаниясы;

"Алтын Емел" бойынша Asemtal компаниясы құрамындағы консорциум атынан QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі.

Министрлік инвесторлар "Шарын" ұлттық паркіне – 4,5 млрд теңге, "Көлсай көлдеріне" – 5 млрд теңге, "Алтын Емелге" – 5 млрд теңге жұмсайды деп мәлімдеді. Алайда министрлік үш ұлттық табиғи парктің жерлері қанша уақытқа инвесторға берілгенін ашып айтпаған.

Министрлік мәліметінше, "тендер құжаттары үш табиғи парктің сайттарында" орналастырылды. "Алтын Емел" ұлттық табиғи паркі сайтындағы мәліметке қарағанда, тендер нәтижесінде парктің әртүрлі аумағындағы жалпы 12,1 гектар жер инвесторға ұзақ жылға пайдалануға берілді. Бұл аумақ Asemtal компаниясы құрамындағы консорциум атынан QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігіне пайдалануға берілді.

Ашық деректерге қарағанда, Asemtal компаниясының жетекшісі әрі құрылтайшысы Юрий Гагарин. 2015 жылы Алматыда тіркелген компания тұрғын үй ғимараттарын салумен айналысады. Ашық дерекке сенсек, Asemtal асып кетсе 5 адам жұмыс істейтін шағын компания. Юрий Гагарин бұдан өзге тағы төрт компанияға жетекшілік етеді.

"Таунтон Плюс" ЖШС құрамындағы консорциум атынан QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі "Шарын" ұлттық табиғи паркінің қандай аумағын және қанша жылға алғаны белгісіз. "Шарын" табиғи паркінің сайты ашылмай тұрғандықтан, тендер құжаттарын көру мүмкін болмады. 2001 жылы Алматыда тіркелген "Таунтон Плюс" ЖШС да тұрғын үй ғимараттарын салумен айналысады. Құрылтайшысы – Полякова Елена Владимировна.

Осы екі тендерде аты аталған QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі 2013 жылы Кәрім Мәсімовтің бастамасымен және қолдауымен құрылғаны бірлестік сайтында көрсетілген. Мәсімов QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі қамқоршылар кеңесінің төрағасы, ал премьер-министр Асқар Мәмин осы бірлестіктің төрағасы. Ашық деректерге қарағанда, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің 10 құрылтайшысы бар. Олардың басым бөлігі әртүрлі университеттің профессорлары.  Мысалы, құрылтайшылардың бірі Қанат Байғарин Nazarbayev университетінде вице-президент болған, Орденбек Мазбаев та бірқатар ұлттық университетте профессор қызметін атқарды, Күлжиһан Жанәлиева да Мазбаевпен бірге Еуразия ұлттық университетінің профессорлық құрамында, Мейрамгүл Құсайынова Nazarbayev университетінің қауымдастырылған профессоры, Диас Тастанбеков әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, химик-ғалым, Мамашев Мақсат Талғатұлы бір кездері Nazarbayev университеті атқарушы кеңесінің төраға орынбасары қызметінде болған. QazaqGeography-дің өзге құрылтайшылары: Руслан Уразалиев, Гүлжан Ермекова, Рүстем Болат және Вероника Дашкова.

Ал "Көлсай көлдерінің" 17 гектар жерін пайдалануға алған "Атырау-Рент" компаниясы 2005 жылы Атырауда тіркелген. Құрылтайшысы – Гүлсара Аленова, ал жетекшісі – Бауыржан Махметов есімді азамат. Компания туристік қызмет және мүлікті жалға беріп, басқарумен айналысады деп көрсетілген. Қызығы, "Атырау-Рент" мекенжайында басқа 19 компания тіркелген. "Атырау-Рент" те асып кетсе бес адам жұмыс істейтін компания.

Ұлттық табиғи парк жерлері "туризмді дамыту" деген желеумен бұған дейін де жалға берілген. Былтыр Іле Алатау ұлттық табиғи паркінің 35 гектар аумағы 49 жылға "Құлтау және К" компаниясына берілген. Ras Aitamyn Telegram-арнасы бұл компанияның жетекшісі Александр Гужавин офшордағы компанияның директоры екенін анықтаған.

Наурыз айының аяғында Іле Алатау ұлттық табиғи паркінің 187 гектар жері жалға берілетіні хабарланды. Алайда экология министрлігі тендер құжаттарында техникалық ақау кетті деген себеппен бұл хабарламаны алып тастады.

 

 

Байланысты жаналықтар

Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

28.03.2025

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

28.03.2025

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

27.03.2025

Экология министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

22.03.2025

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

12.03.2025

Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылмай қалды

25.02.2025
MalimBlocks
Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

Желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киік ұшалары бейнеленген жазба тарап жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді,

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

Ресейлік БАҚ-тар қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратты

Экология министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақстандықтарды "Жер сағаты" акциясына қатысуға шақырды

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

Оның бастапқы бағасы - 1,8 млрд теңге.

Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылмай қалды

Үйдің құны 1,8 млрд теңгеге бағаланған