Субсидия алушылар үшін қарсы міндеттемелер нормасы енгізілетін болады — ҚР АШМ

Malim Админ

  • 15.02.2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары қаралды. Субсидия алушыларға қатысты қандай қарсы міндеттемелерді енгізу көзделіп отырғаны және осы міндеттемелердің орындалу деңгейінің қалай бақыланатыны туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтып берді.  

 

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда субсидия алушылар үшін қандай да бір қарсы міндеттемелер қойылмайды, сол себепті субсидияларды пайдалану барысында тиімділігі үшін жауапкершілік төмен болып қалып отыр. Сондықтан субсидия мен жеңілдікті несие алушылар үшін қарсы міндеттемелер алу нормасы енгізілетін болады. Олар алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл нақты индикаторлар арқылы бағаланады.

«Мысалы, барлық субсидия алушылар үшін өндіріс көлемін төмендетпеу көзделуде. Мал шаруашылығында – бұл жыл сайын мал басын кемінде 5%-ға ұлғайту, 100 аналықтан кемінде 80 бас төл алу. Алынған төлдің сапасын бақылау үшін ДНҚ-талдау арқылы төлдің әкелік тегін анықтау нормасы енгізілетін болады», — деді министр.

 

Ал өсімдік шаруашылығы бойынша тұқым шаруашылығы егістіктерінің үлес салмағының егістіктердің 15%-ынан кем болмау міндеттемесі енгізіледі.

 

Бұдан басқа, инвестициялық субсидиялау кезінде фермерлер нысанның жобаның бизнес-жоспарында көрсетілген мерзімде пайдалануға берілуін, оның жобалық қуатына уақытылы қол жеткізілуін қамтамасыз етуі тиіс.

 

«Аталған нормалардың барлығы арнайы құрылған жұмыс тобында талқыланып, мақұлданған соң енгізіледі», — деді Е. Қарашөкеев. 

 

Бұл ретте қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылау процесі адамның қатысуынсыз, цифрлық технологиялар негізінде субсидиялаудың жаңа бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған түрде енгізілетін болады.

Байланысты жаналықтар

Доллар бағамы тағы өсті

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

03.04.2025

Қазақстанда бай адамдар кімдер? Forbes тізімі жаңартылды

02.04.2025

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

01.04.2025
MalimBlocks
Доллар бағамы тағы өсті

Қазақстанда доллар қайтадан қымбаттап жатыр

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертеді

Қазақстанда бай адамдар кімдер? Forbes тізімі жаңартылды

Forbes журналы Forbes World’s Billionaires 2025 деп аталатын әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімге жиынтық байлығы 38,8 миллиард долларға жеткен жеті қазақстандық бизнесмен кірді,

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

Болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, енді оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі