Трампты жоққа шығарған Байден Зеленскийді Путинмен неліктен шатастырды

BBС тілшісі Энтони Цуркердің айтуынша, Байден бұрын шетелдік көшбасшылардың есімдерін шатастырған.

Malim Админ

  • 12.07.2024

АҚШ президенті Джо Байден Вашингтондағы НАТО саммиті аясындағы баспасөз мәслихатында президент үшін күресте әрі қарай жүруге және қараша айында өткен сайлауда Дональд Трампты ұтатына сенімді екенін мәлімдеді. Бұл Байденнің Атлантада өткен пікірталаста сәтсіз сөз сөйлеуінен кейін алғаш рет журналистердің сауалына жауап беруі болды, деп жазады Malim.kz.

Бұл саяси науқанның ұзақ жолы бар. Сондықтан әрі қарай жүре беремін. Менің ойымша, сайлауға қатысуға ең қолайлы үміткермін. Президенттік жарысқа өз мұрам үшін емес, басталған істі аяқтау үшін қатысамын. Егер дауыс берушілер мені қайта сайласа, бәрі жақсы болады, - деді Байден ВВС тілшілеріне берген пікірінде. 

Байденнің баспасөз конференциясындағы кіріспе сөзі сайлауалды насихатқа көбірек ұқсаған. Ол қайтадан әкімшілігінің жетістіктері мен сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктерге тоқталып, саяси қарсыласы Дональд Трампты сөгумен сөзін аяқтады. 

Америка әлем алдында кері шегіне алмайды. Сондықтан біз оны өзімізбен бірге ұстауымыз керек. Мен оны бір рет жеңдім және бұл жолы қайтадан жеңгім келеді, - деді Байден. 

Байденнің баспасөз мәслихаты бір сағатқа жуық уақытқа созылды. Журналистер президенттен сайлау жоспарлары мен денсаулық жағдайы туралы көптеген  сауалдар қойған.

Алайда Байденнің өзіне сұрақ журналистердің есімдерін қағаздан оқып, содан кейін сұрақ қойылды. 

Бұл тәжірибе әдеттен тыс емес. Өйткені мұндай формат мұндай іс-шараларда жиі болатын шу мен хаосты болдырмауға көмектеседі, - деп жазды CNN.

Конференция кезінде Байден барлығы 19 сұраққа жауап берген. 

Вице-президент Камала Харрис қажет болған жағдайда Байденді кандидат ретінде ауыстыруға дайын ба деген сауалға "Егер мен оны президент болуға жеткілікті біліктілігі бар деп ойламасам, вице-президентті Трампты таңдамас едім", - деді Байден. 

Дональд Трамп болса Байденнің осы сөзіне мән беріп, оны ақымақтыққа балады. Ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде бейнеролик жариялап, жазба қалдырды. 

Керемет жұмыс, Джо! - ол жазды Трамп. 

Журналистердің айтуынша, Байден баспасөз мәслихатында өзін сенімді, сабырлы ұстаған және көп күлгені анық байқалды. 

Бірақ ол НАТО елдерінің көшбасшыларының қатысуымен өткен салтанатты баспасөз мәслихатының алдында Украина президенті Владимир Зеленскийді "Президент Путин" деп атап, шатасып қалды. 

Бұл сөзді Украина президентіне жеткізгім келеді. Ол қаншалықты сенімді болса, соншалықты батыл. Ханымдар мен мырзалар, президент Путин, - деді Байден.

Алайда Байден сөзден кеткен қатесін бірден түсініп:

Президент Путин? Зеленский президент Путинді жеңеді. Мен Путинді жеңуге көп көңіл бөлгенім сонша, біз бұл туралы алаңдауымыз керек, - деп сөзін толықтырды. 

"Мен мықтымын", - деді Зеленский сол сәтте. Ал Байден болса, "Сен одан мықтырақсың", - деді сөзін жалғап. 

BBС тілшісі Энтони Цуркердің айтуынша, Байден бұрын шетелдік көшбасшылардың есімдерін шатастырған. Бірақ бұл жолы Зеленскийді Путинмен шатастыру - бұл өте өрелкел қателік болып отыр. 

Цуркер сонымен қатар Байден мәтінді баспасөз мәслихаты кезінде телесуфлерден оқығанын атап өтті.

Джо Байден 2021 жылы бастаған жұмысын аяқтау үшін алда тоқтаусыз күресемін деп уәде берді.

Оның бұл жолғы баспасөз мәслихаты Дональд Трамппен арада болған сәтсіз пікірталастардан кейінгі ең үлкен сынақ істпеттес болып отыр. Ол президенттік сайлауға қатысуға және Дональд Трампты жеңуге бел буғанын табанды және дәйекті түрде мәлімдеді.

Бұрын Байденді жарыстан шығуға шақырған Иллинойс штатының демократы және Өкілдер палатасының мүшесі Брэд Шнайдер баспасөз мәслихаты оның позициясын өзгертпегенін атады. 

Менің ойымша, президент өз жұмысын жақсы орындады. Ол ішкі және сыртқы саясат мәселелерін меңгергендігін көрсетті. Бірақ мәселе мынада, жоғарыда айтылғандай, біз күн сайын тыныс алатын жағдайға жол бере алмаймыз. Бұл баспасөз конференциясы, пікірталас немесе митинг болсын, - деді Шнайдер CNN-ге берген сұхбатында.

Бейсенбіде NYT дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Байденнің кейбір кеңесшілері оны отставкаға кетуге қалай сендіру керектігін талқылап жатқаны туралы жазды.

Президенттің жақын одақтастары оның сайлау науқанын неліктен аяқтау керектігі туралы дәлелдер әзірлеп жатыр. Дегенмен бұл пікірталастар президенттің өзіне жеткені туралы ақпарат белгісіз, — деп атап өтті New York Times.

Ақүй тарапы бұл ақпарат туралы деректі жоққа шығарды. 

Бұл сөзсіз дұрыс емес. Президенттің командасы оны соңына дейін қолдайды, - деді Ақ үйдің өкілі Эндрю Бейтс New York Times газетіне берген пікірінде.  

Фото: ВВС 

Байланысты жаналықтар

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

27.03.2025
MalimBlocks
Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің мақсаттары мен қорқыныштары туралы айтты