Трампқа шабуыл: Байденнің үндеуі немесе саясаттағы "жоғары температура"
Трамп өзіне жасалған қастандық оқиғасынан кейін "шындықты енді ғана түсіне бастағанын" мойындады.
Президент өз мәлімдемесінде америкалықтарды саясаттағы зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырған, деп жазады Malim.kz.
АҚШ-тың бұрынғы президенті, биылғы сайлауға үміткер Дональт Трампқа 13 шілде күні Пенсильвания штатында көпшілік алдында қастандық жасалды.
Республикашылар партиясынан президенттіктен үміткен Трамп сайлаушыларымен кездесуінде оған 7 рет оқ атылған. Сол сәтте оның оң құлағына оқ тиеді. Сол сәтте оққағарлар Трампты бүркеп қалды. Трамп оққағарларының қоршауында тұрып, жұдырығын түйіп, айқайлап, өзінің аман екенін байқатты. Кейін жергілікті денсаулық орталығына жеткізілген оның жағдайы жақсы екені мәлім болды. Ал шабуыл жасаған 20 жастағы Томас Мэттью Круксты арнайы жасақ сол жерде атып тастады.
Одан бөлек, оқиға орнында митингіге келген бір адам қайтыс болып, оқтан зардап шеккен 57 жастағы Дэвид Голланд пен 74 жастағы Джеймс Копенхавер аурухана түсті. Қазір олардың екеуі де ауыр жағдайда жатыр.
Қастандықтан кейін Дональд Трамп алғаш рет сұхбат берді. Ол Washington Examiner газетіне өзінің болашақ Конгресстегі сөзін қайта жазуға және Байденнің сынына емес, ұлттық бірлікке назар аударуға шешім қабылдағанын айтты.
Мен сөйлейтін сөз бомба болуы керек еді. Егер олай болмаса, өзімнің ең керемет сөздерімнің бірін айтар едім. Шынымды айтсам, енді мүлдем басқа сөз болады. Бұл - елді біріктіру мүмкіндігі. Маған осындай мүмкіндік берілді, - деді Трамп.
Сонымен қатар Байден америкалық барлау агенттіктері шабуылдаушының неліктен мұндай әрекетке барғаны жайлы әлі нақты қорытынды жасамағанын мәлімдеді. ФТБ Трампты 20 жастағы Томас Мэттью Крукс Пенсильвания штатының Батлерден 70 шақырым жерде орналасқан Бетел Парк қаласында атып өлтіргенін хабарлады.
Бұған дейін ФТБ күдіктінің жалғыз әрекет еткен және құқық қорғау органдары "оның қандай да бір идеологиямен байланысты екенін анықтаған жоқ" деп мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Трамптың күзеті күшейтілген. Сондай-ақ дүйсенбіден басталатын Республикалық партияның съезі барысында қауіпсіздік күшейтіледі.
Осы жиында Трамп ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынылмақ.
Алайда АҚШ-тың қазіргі және бұрынғы президенттерінің қауіпсіздігіне жауап беретін америкалық Құпия қызмет республикалық съезде өз жұмысында "ешқандай жедел өзгерістер күтпейтінін" хабарлады.
Wall Street Journal газетінің дереккөздеріне сәйкес, Байден қастандыққа байланысты жанашырлық білдіру үшін Трампты да шақырған. Бұл қоңырау қысқа ғана болған. Осыдан кейін Джо Байден үндеу жасап, мәселеге қатысты ойын айтты.
Біз саясатымыздағы "жоғары температураны" төмендетуіміз керек. Мұндай зорлық-зомбылықтың нормаға айналуына жол бермеуге тиіспіз. Еліміздегі саяси риторика өте қыза түсті. Оны "суытатын" уақыт келді. Мұны орындау - баршамыздың жауапкершілігіміз, - деді Байден.
Байден өз сөзінде саясат "бейбіт пікірталас алаңы" болуы керегін алға тартып, зорлық-зомбылық ешқашан оған жауап бола алмайтынын жеткізді.
"Саяси күрес "ешқашан қастандыққа және Құдай сақтасын, кісі өлтіру алаңына айналмауы керек. Америкада біз келіспеушіліктерді сайлау жәшігі арқылы шешеміз. Енді осыны орындайтын кез келді. Қайталап айтамын, сайлау арқылы. Қарудан атылған оқпен емес, - деді Байден үндеуінде.
Президент Трампқа тезірек сауығып кетуін тілеп, 50 жастағы Кори Комператорды батыр деп мәлімдеді. Ол Трамптың митингі кезінде отбасы мүшелерін оқтан денесімен жауып, қаза тапқан еді.
Бұл Байденнің президенттік кезеңдегі үшінші үндеуі болды. Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әдетте ең маңызды оқиғалар кезінде айтылады.
Сондай-ақ ол жексенбіде өзіне жасалған қастандық оқиғасынан кейін "шындықты енді ғана түсіне бастағанын" мойындады. Қазіргі уақытта Трамп конференция өтетін Милуоки қаласына (Висконсин) келді.
АҚШ-тың бұрынғы президенттері Билл Клинтон, Джордж Буш және Барак Обама АҚШ саяси зорлық-зомбылықтың ордасы болмауы керек деген пікір білдірді.
Ал ФТБ Трампты атқан 20 жастағы Томас Мэтью Крукстың ата-анасымен бірге тұрғанын атап, Республикашылар партиясының жақтасы екенін мәлімдеді.
Ол 2022 жылы мектепті бітіргеннен кейін математикадағы үздік нәтижесі үшін 500 доллар сыйақы алған. Бұл туралы Бетел-парктің жергілікті басылымы жазды.
Ал марқұмның әкесі Мэтью Крукс болса баласынан мұндай жағдайды күтпегенін атады. CNN арнасына берген сұхбатында жағдайды мүлдем түсінбейтінін, ал БАҚ беттерінде баласы туралы жазып жатқандар үшін құқық қорғау органдарымен сөйлесетінін атады.
Шабуылдан кейін полиция оның үйін тінтіп, барлық көршілерді қауіпсіз жерге шығарған. Жергілікті полицияның мәліметінше, үй ішінен жарылғыш заттар табылған көрінеді.
Фото: ВВС