Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертеді

Сұлу Бөлек

  • 03.04.2025

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Қаскөйлер мессенджерлерде Қазақстан Ұлттық банкі немесе өзге мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған аккаунтын пайдаланады.

Ал профиль шынайы көрінуі үшін жалпыға қолжетімді дереккөздерде, оның ішінде ведомстволардың ресми ресурстарында орналастырылған суреттер мен эмблемаларды қолданады.

Сонымен қатар, алаяқтар өздерін мессенджердің техникалық қолдау қызметінен деп таныстырып, азаматтарға аккаунтын жоюға өтініш беру туралы хабарлама жібереді. Бұл шешімнің күшін жою үшін азаматтарға сайтқа өтуді ұсынады.

"Онда өз телефон нөмірін көрсетіп, хабарламада көрсетілген бір реттік кодты енгізуді талап қылады. Осылайша, олар аккаунтқа иелік етіп, пайдаланушыны бұғаттайды. Содан соң қаскөйлер жалған немесе бұзылған аккаунттарды пайдалана отырып, бұрынғы иесінің туыстары мен таныстарына хат жазады және түрлі сылтаумен ақша аударуды, сілтемеге өтуді, қосымшаны жүктеуді, мессенджерде жаңа функцияларды іске қосуды немесе жеке деректерін хабарлауды сұрайды", - делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек, алаяқтар жалақысы жоғары перспективалы жұмыс туралы хабарламалар таратады немесе қоғамдық орындарда QR-кодтар жариялайды. Пайдаланушы көрсетілген сілтемеге өткен кезде олар сол мезетте мессенджерге, мобильді құрылғыға немесе дербес деректерге қол жеткізеді.

Ұлттық банк азаматтарды қырағы болуға және жасырын ақпаратты үшінші тұлғаларға хабарламауға, мессенджердегі күдікті хабарлар мен телефон қоңырауларына сенбеуге, сұратулардың түпнұсқалығын қайта тексеруге және ақша аударымдарын жасамауға, күмәнді сілтемелер мен файлдарды ашпауға, сондай-ақ HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және т.б. қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды орнатпауға шақырады.  

Қазақстан Ұлттық банкі үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін мемлекеттік органдардың немесе Ұлттық банктің қызметкері ретінде қоңырау шалған адаммен арадағы әңгімені дереу доғарып, қажет болған жағдайда мемлекеттік органның ресми нөміріне алаяқтық әрекет туралы өз бетінше хабарлауды ұсынады.

"Егер Сіз алаяқтардың арбауына тап болсаңыз, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгінуге кеңес береміз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің Байланыс орталығына да хабарласуға болады", - делінген хабарламада. 

Фото: nationalbank.kz

Байланысты жаналықтар

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

17.04.2025

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

11.04.2025

Елімізде доллар арзандай түсті

11.04.2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

11.04.2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

10.04.2025

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

08.04.2025
MalimBlocks
Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк азаматтарға алаяқтар банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынып жатқанын айтты

Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

Елімізде доллар арзандай түсті

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Алматылықтарға ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

ІІМ Қазақстан азаматтарын шетелде әскери қақтығыстарға қатысу үшін ақша алуға қатысу жауапкершілігі туралы ескертті