Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатыр

Әлем
АҚШ дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатыр
youtube.com

Дональд Трамптың 2027 жылы қорғаныс бюджетін 1,5 трлн долларға дейін арттыру туралы шешімі АҚШ-тың дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқанын білдіреді. Бұл туралы белгілі америкалық тілші Такер Карлсон мәлімдеді, деп хабарлады Kazinform.

Мұндай бюджет жаһандық немесе аймақтық соғысқа дайындалып жатқан елге тән. Әлбетте, біз сол бағытта, дүниежүзілік соғысқа қарай бет алып барамыз, — деп мәлімдеді Такер өзінің авторлық бағдарламасында. 

Консервативті тілшінің атап өтуінше, көпшілік бұлай болмайды деп үміттеніп отыр, бірақ оқиғалардың сол бағытта дамып келе жатқаны анық.

Еске сала кетсек, бұған дейін Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1,5 трлн долларға дейін арттыратынын мәлімдеді.

Америкалық көшбасшының пікірінше, мұндай шешім әлемдегі тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу