АҚШ әкімшілігі әлемнің 60 еліне қатысты жаңа импорттық тарифтерді күшіне енгізді. Жаңа баж салығының мөлшері 10–12,5 пайыз аралығында белгіленген. Вашингтон бұл шешімді мәжбүрлі еңбекпен өндірілген тауарлардың импортына қарсы күреспен түсіндіріп отыр.
Жаңа тарифтер Еуропалық одақ, Қытай және басқа да ірі сауда серіктестерінің наразылығын тудырды. Бірқатар мемлекеттер бұл қадамды Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттарына қайшы деп бағалап, жауап шараларын қарастыруы мүмкін екенін мәлімдеді.
Экономистер АҚШ-тың жаңа тарифтік саясаты алдағы айларда әлемдік сауда қатынастарына ықпал ететін негізгі факторлардың біріне айналуы мүмкін екенін айтады. Осыған байланысты бірқатар мемлекеттер Вашингтонмен келіссөздерді жандандыруға кіріскен.