Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Сұқбат
Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Ақтөбеде Ойыл өзені күшіне мініп, Қаратал ауылына су кірді. Қазір тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында бұған дейін тасқынға қарсы жұмыстар жүргізілген. Алайда түс ауа қарғын су бөгетті бұзып өтті. Өзен суы Ойыл – Қайыңды бағытындағы жолды шайып, жақын маңдағы елді мекендерге жайылған. 

«Қазіргі кезде жергілікті атқарушы орган өкілдері тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Олар Қаратал ауылындағы мектепке орналастырылды. Сонымен бірге бөгеттің бұзылған бөлігін бекіту жұмысы жүріп жатыр. Қала мен жақын маңдағы аудандардан төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмылдырылды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде Қобда ауылында 50-ден астам үй суға кетіп, жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды.  Ойыл ауданының Екпетал және Қаратал ауылдарының 105 тұрғыны басқа жерге көшірілді.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу