Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Астана" футболшылары "Челсиден" жеңілді

Спорт
"Астана" футболшылары "Челсиден" жеңілді

УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында "Астана" "Челсиден" жеңілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Англиялық клуб елордалық "Астанадан" 1:3 есебімен басым түсті.

Қарсылас команданың құрамында Марк Гиу (дубль) мен Ренато Вейга гол соқты. Ал астаналық клубқа Марин Томасов гол сыйлады.

Айта кетерлігі, бұл ойынға англиялық клуб негізінен жастар құрамын алып келген.

Ал бұған дейін "Астана" өз алаңында сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" (1:0) командасын жеңсе, португалиялық "Виториямен" (1:1) тең түсті. Сырт алаңда Уэльстің "Нью-Сейнтс" (0:2), кипрлік "Пафос" (0:1) клубтарына есе жіберген болатын.

Тағы бір ескерерлігі, конференция лигасының плей-офф сатысына жалпы кезеңнің үздік 24 командасы жолдама алады.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу