Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Азия ойындары: 12 ақпандағы жарыс нәтижелері

Спорт
Азия ойындары: 12 ақпандағы жарыс нәтижелері

Шаңғы жарысы: Әйелдер командасы арасындағы эстафетада (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге екінші келіп, күміс жүлдегер атанды. Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.

Ал ерлер құрамасы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды. Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты.

Ски-альпинизм: Аралас жұптық сында Қазақстан құрамасы (Нияз Жанзақов пен Әсем Назырова) финалда 8-сатыға тұрақтады. Нәтижесі - 36:43.77 секунд.

Шайбалы хоккей: Еліміздің әйелдер командасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Жапонияға жол берді. Есеп: 0-4.

Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші кездесуінде Корея спортшыларынан 2:8 есебімен жеңілсе, екінші матчта Таиланд құрамасынан 9:1 нәтижесімен басым түсті.

Ал ерлер құрамасы Қырғызстаннан айласын асырды - 6:3.

Мәнерлеп сырғанау: Әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада Софья Самоделкина әзірге 4-сатыға жайғасса, София Фарафонова 9-орында тұр.

Мұздағы би жарысында Бойсангр Датиев пен Гаухар Наурызова Азиаданы 5-орынмен аяқтады.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу