Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бас бапкер Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні мазақ қылды

Спорт
Бас бапкер Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні мазақ қылды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні келеке етті, деп хабарлайды Malim.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттар лигасы аясында Словениямен өткен мачтан кейінгі баспасөз конференциясында отандық тілшілердің бірі Станислав Саламұлына қазақ тілінде сұрақ қойып бастайды. Бас бапкер журналистің үстіне Францияның ПСЖ клубының жейдесін киіп алғанын әзілге айналдырғысы келді ме, әйтеуір «Сен қай тілде сөйлеп тұрсың – французша ма?» деп сөзін бөлді. Сонан соң басын изеп, сұрағын жалғастыруға болатынын аңғартты.

Естеріңізде болса, құрамаға тағайындалғанда өткізген алғашқы баспасөз конференциясында да Черчесовтің қазақ тіліне қатысты басы дауға қалған. Оған тілшінің бірнеше рет ана тілімізде сұрақ қойғаны ұнамай, бәріне түсінікті болуы үшін одан орыс тілінде сөйлеуін талап етті. Бірақ бұл жайт көпшілік арасында қызу талқыланып, кейіннен ресейлік маманның өзі де қазақ тілін үйрене бастағанын алға тартты.

Фото: ҚФФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу