Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бахтиер Зайнутдинов ресейлік «Динамо»-ға ауысты

Спорт
Бахтиер Зайнутдинов ресейлік «Динамо»-ға ауысты

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Ресейдің «Динамо» клубына ауысты. 


Бахтиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті. 

Қазірге дейін ол Түркияның «Бешикташ» клубы сапында ойын көрсетті. Аталған командамен қазақстандық футболшы 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған еді. Келісімшарт 2027 жылдың 30 маусымына дейін аталған клуб сапында ойнауына мүмкіндігі бар болатын. Түркиялық клубта 27 жастағы отандасымыз 2023 жылдан бері 49 матчта бір гол соқты.

Бахтиер Зайнутдинов жаңа клубымен 2029 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ресейлік команда Бахтиер Зайнутдинов үшін «Бешикташқа» 2,5 млн еуро төледі.

Фото: instagram.com/fcdynamo

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу