freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтегі көрсеткішін жақсартты

Спорт
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтегі көрсеткішін жақсартты
Ашық дереккөзден

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының әйелдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингінде 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, 2026 жылғы 1 мамырдағы жаңартудан кейін Бибисараның рейтингі 2527 ұпайға жеткен.

Бұл – отандық шахмат тарихындағы айтулы жетістік. Бибисара Асаубаева әлемдік әйелдер рейтингінде осыншалықты жоғары орынға көтерілген Қазақстанның алғашқы шахматшысы атанды. Осылайша, ол планетаның ең үздік шахматшыларының қатарына нық орнықты.

Әлемдік рейтингтің көш басында Қытай спортшылары тұр: Хоу Ифань (2596 ұпай), Лэй Тинцзе (2566 ұпай) және Цзюй Вэньцзюнь (2559 ұпай).

Бұл нәтиже Бибисараның халықаралық аренадағы тұрақты әрі табысты өнер көрсетуінің жемісі. Ол әлемнің ең мықты шахматшыларына қарсы сенімді ойын өрнегін көрсетіп, шеберлік деңгейін үздіксіз арттырып келеді. Сондай-ақ бұл жетістіктің маңызын оның жасы одан әрі арттыра түседі. Бибисара әлемдік шахмат элитасындағы ең жас спортшылардың бірі саналады, бұл оның болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруына зор мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Бибисара Асаубаева - блиц шахматтан үш дүркін әлем чемпионы, рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, үміткерлер турнирінің вице-чемпионы, Азия чемпионы және Қазақстан әйелдер шахматының көшбасшысы саналады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу