Биылғы оқу жылында 3,9 млн-нан астам оқушы мектепке барады

Ертең елімізде қайта жаңартылған 178 мектеп ашылады

Мәди Саматұлы

  • 31.08.2024

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 млн-нан астам оқушы мектепке барады, оның 352 мыңы – бірінші сынып оқушысы, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет сайтының жузынша, күрделі жөндеуден өткен 178 мектеп 1 қыркүйекте ашылмақ. Жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру мекемесі де өз жұмысын бастайды. Өңірлерде оқытылатын пәніне сәйкес бейінді құрал-жабдықтармен 1 мың кабинетті жарақтандыру жоспарланғанымен 1,5 мыңнан астам пәндік кабинет жаңартылды.

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгіде STARLINK спутниктік интернеті 1 757 мектепте орнатылған, соның арқасында қосылу жылдамдығы 3 есеге артты. 122 мектепте интернет қосу жұмыстары аяқталу үстінде. Барлық оқулықты цифрландыру жұмыстары аяқталған, 11 платформада электронды нұсқалар оқушыларға қолжетімді.

Оқушыларды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы оқу жылында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың балаға артық. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам оқушы оқу құралдарын сатып алуға көмек алды, деп жазылған Үкімет хабарламасында.

Сондай-ақ, елімізде арнайы білім беру ұйымдарының желісі жыл сайын кеңейіп келеді. Инклюзивті мектептердің үлесі 88%-ға, ал балаларды арнайы қолдаумен қамту деңгейі 80%-ға дейін өскен.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында Президенттің тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік тапсырыс 145 мың орынға дейін ұлғайтылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға артық.

Еліміз бойынша барлығы 772 ұйым оқушылар үшін жұмыс істеп тұр. 1 қыркүйектен бастап 300 мыңнан астам колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға артады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап колледждер базасында 26 шағын кәсіпорын өз өнімдерін өткізеді.

Жаңа оқу жылынан бастап «Цифрлы мұғалім» жобасы аясында аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылармен жұмыс күшейтілмек. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында тағы 1000 мұғалім оқытылады, ал өткен жылғы 134 түлек мектептердегі басшылық құрамға қосылған.

Фото: QR Oqu-ağartu ministrlıgı

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

06.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды