Бүгін докторантураға түсуге құжат қабылдау басталды

Емтиханға қатысу құны — 21 072 теңге.

Берік Дәулетов

  • 11.07.2024

2024 жылғы докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды. Ол testcenter.kz сайтында 11 шілдеден бастап 3 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Өтініш беру кезінде тек тестілеу ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) таңдай аласыздар. 

Ал тест тапсыру күні, уақыты және орны (мекенжайы) туралы ақпарат 9 тамызда жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ұсынылады.

Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Емтиханға қатысу құны — 21 072 теңге.

TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (қосымша тестілеу) тапсырады.

Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 5 тамызда талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны — 14 162 теңге.

Түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.

2024 жылы шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттардың шекті деңгейі B1-ге дейін төмендетілді және тізімге TOEIC және Duolingo English Test сертификаттары енгізілді.

Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл — 75 балл. 

2024 жылдан бастап түсушілердің бейіні бойынша докторлар бағдарламасы аясында докторантураға түсуге мүмкіндігі бар. 

Бұл бағдарлама үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың белгілі бір деңгейі талап етілмейді.

Сондай-ақ бейіні бойынша докторлар бағдарламасына түсушілер емтихан барысында эссе жазбайды. 

Ең жоғары көрсеткіш — 80 балл, оның ішінде әңгімелесуге — 25 балл, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныс хатына (болған жағдайда) — 5 балл және бейіні бойынша емтихан сұрақтары — 50 балл.

Шекті балл — кемінде 50.

Фото: kz.kursiv.media

Байланысты жаналықтар

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

11.05.2025

Кемел Тоқаевқа қатысты құпия құжат жарияланды

05.05.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

23.04.2025

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады

23.04.2025
MalimBlocks
Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

Кемел Тоқаевқа қатысты құпия құжат жарияланды

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады