Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы рейтингтен шығарылды

Спорт
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы рейтингтен шығарылды
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Белгілі америкалық The Ring журналы қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (17–0, 12 КО) өз рейтингінен алып тастады, деп хабарлайды Malim.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін 32 жастағы қазақстандық боксшы дивизиондық тізімнің көшін бастап тұрған еді. Алайда допинг-тестің оң нәтижесіне байланысты ол үздіктер қатарынан толық шығарылды.

«Бұрын рейтингте бірінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің қолайсыз нәтижесінен кейін тізімнен алынып тасталды. Соның нәтижесінде қалған боксшылар бір сатыға көтерілді, ал Хесус Рамос-джуниор алғаш рет рейтингке еніп, 10-орынға жайғасты», — деп жазды The Ring.

Жаңартылған тізімге сәйкес, орта салмақтағы рейтингтің көшін WBC чемпионы, Доминикан Республикасы өкілі Карлос Адамес (24–1–1, 18 КО) бастады. Ал үздік үштікте кубалық боксшылар — Йоэнлис Эрнандес (8–0, 7 КО) және Эрисланди Лара (31–3–3, 19 КО) орналасқан.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда Әлімханұлы Ларамен орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға тиіс болатын. Алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан мельдоний табылып, кездесу тоқтатылды. Кейін Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36–5, 34 КО) рингке шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлына қатысты ішкі тергеу жалғасып жатыр. Қайта ашылатын «B» сынамасы 8 қаңтарға жоспарланған. Тергеу нәтижесі шыққан соң, жағдайға құқықтық баға беріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу