Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгін Астанада Көшпенділердің алғашқы ойыны өтеді

Спорт
Бүгін Астанада Көшпенділердің алғашқы ойыны өтеді

Астанадағы 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бүгін алғашқы күнінде Жамбы атудан Мажар стилінде жарыс өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарыс «Қазанат» ипподромы маңында орналасқан этноауылда ұйымдастырылады. Мергендер бәсекесінде жамбы атудың Мажар стилі бойынша жүлделер сарапқа салынады. Ал сайыстың бұл түріне 27 мемлекеттен 78 спортшы қатыспақ.

Ел құрамасында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбековтер сынға түседі. 

Бүгінгі жарыс кестесі мынадай:

Жамбы ату

09:00 – 09:40 - 1 топ
09:50 – 10:30 - 2 топ
10:40 – 11:20 - 3 топ
11:30 – 12:10 - 4 топ
12:20 – 13:00 - 5 топ
13:10 – 13:50 - 6 топ
14:00 – 14:40 - 7 топ
14:50 – 15:30 - 8 топ
15:40 – 16:20 - 9 топ
16:30 – 17:10 - 10 топ
17:20 – 18:00 - 11 топ
19:00 – 20:00 - марапаттау рәсімі

Жамбы ату – ат үстіндегі дәстүрлі садақ ату спорты. Дәстүрлі ат үстінде садақ ату жарысы 4 стильде өткізіледі: корей стилі, түрік стилі, венгр стилі, қазақ стилі (жамбы ату). Команда құрамында 4 спортшы болады және әр стиль бойынша бір спортшы сынға түседі. Жарыс жолының ұзындығы – 100 метр, ені – 3 метр.

Айта кетейік, 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бүгін, яғни 8 қыркүйекте 19:00-де «Астана Арена» стадионында ресми түрде ашылады. 

Фото: World Nomad Games 2024

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу