freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгін қар аралас жаңбыр жауады, аяз болады

Экология
Бүгін қар аралас жаңбыр жауады, аяз болады
Фото: pexels

Қазақстанның 16 облысында 12 ақпанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Талдықорғанда12 ақпанда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болатыны болжанады. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыдажәне Қонаевта 12 ақпанда кей уақытта көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 12 ақпанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 12 ақпанда ауа температурасы түнде -15, -17 градус аяз болады деп күтіледі. 

Түнде Абай облысының оңтүстігінде аздап қар жауады, бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде 12 ақпанда ауа температурасы түнде -19, -21 градус аяз болатыны болжанады. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) болып, таулы аудандарында қалың қар түседі, облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 12 ақпанда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Шымкенттежәне Түркістанда 12 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысыныңсолтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оралда 12 ақпанда түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 12 ақпанда кей уақытта тұман түсіп, күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтауда 12 ақпанда түнде және таңертең көктайғақ болатыны болжанады.

Түнде Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 12 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 12 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15 м/с.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу