Alash.kz – жаңа сайт ашылды

Malim Админ

  • 02.03.2022

"Құрметті оқырман, ақпарат айдынына жаңа сайт қосылды. Алаштың сөзі болсын деген үмітпен сайттың атын alash.kz деп қойдық. Тәуелсіз бағытта құрылған сайтымыздың негізгі тақырыптық нысанасы: қоғамдық-саяси, әлеуметтік, экономикалық тақырыптармен бірге, білім мен спорт, медицина мен қорғаныс, әдебиет пен тарихи тақырыптарды қамтиды", - делінген сайт хабарламасында.

"Жасыратыны жоқ, қазір не көп: сайт пен портал көп. Ол аз десеңіз, әр газеттің бір-бір сайты тағы бар. Бүгін ашылып, ертең жабылып жатқандары да аз емес. Бірақ қазақ тілді аудиторияға арналған қазақ тілді сапалы контент аз, санаулы ғана. Біздің мақсат осы кеңістікті сауатты, ауқымды қазақ тілді контентпен толтыру. Мемлекет саясатын ақпараттық қолдау, Ресей пропагандасына қарсы тұру, жалған ақпараттардың жолын кесу – біздің сайттың негізгі ұстанымы.

Қазір әлем үшін қару-жарақпен соғыстан бөлек, ақпараттық соғыстың да маңыздылығына күн сайын көзіміз жетуде. Мәселен, дүниені дүр сілкіндіріп тұрған Ресей мен Украина соғысында ақпараттық шабуылдың да үлесі бар. Бұл жағынан Киев жақсы жұмыс жасап жатыр. Сағат, минут сайын Мәскеудің қолға түскен солдаттарын көгенге тізіп, көздерін мөлдіріп тұрып алты құрлыққа таратып, Ресей агрессисын айпара қылып, өздерінің сәт сайын жеңіске жақындап келе жатқанын көрсетуде. Мейлі, бұл соғыста Путин жеңер-жеңілер, бірақ Украинаның ақпараттық соғыста мысы басып тұр. Бұл жеңіс соғыстан кейін уакрин халқының рухын бекітеді, қазіргі жүргізіліп жатқан ақпараттық шайқас соның бір дәлелі.

alash.kz сайты Қазақстан ақпарат кеңістігінде өз орны бар, бағыт-бағдары айқын, мақсаты мен міндеті нақтыланған үлкен ақпарат агенттігіне айналатыны анық!"

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік