Алматыда зергер және ұста Естай Дәубаевтың көрмесі өтті

«Зердем – өнерімде» атты көрме салтанатты түрде ашылды

Мәди Саматұлы

  • 30.09.2024

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейде мүсінші, зергер және ұста Естай Дәубаевтың «Зердем – өнерімде» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, көрмеде автордың 200-ге жуық дәстүрлі қару-жарақтар, әйел әшекейлері, қалыңдық баскиімдері, мүсінді-зергерлік композициялар, паннолық туындылар, тәждердің авторлық нұсқаларын және т.б. көруге болады. Соның ішінде, «Күлтегін», «Тәж», «Бөрілі байрақ», «Алтын құс», «Самрұқ», «Сұңқар», «Бәйтерек», «Асатаяқ», «Сәукеле» және т.б.туындыларын ерекше атауға болады.

Естай Дәубаевтың «Бөрілі байрақ» мүсіндік композициясына назар салсақ, түркі әлеміндегі негізгі тотемдік символға айналған көк бөрінің басын аңдық стилде сомдап, айбат шегу сәті ерекше бейнеленген. Ал, қалыңдық бас киімінің ерекше үлгісі сәукелелердің авторлық нұсқалары тым ерекше. Қанық қызыл барқытқа бекітілген аң стиліндегі алтын түсті әшекейлер көздің жауын алып, сақ ханшайымдарын еске түсіреді.

Шара барысында автордың «Күлтегін: мүсіні, тәжі, дулығасы» атты мүсіндік композицияның, «Металдарды көркемдеп өңдеу», «Ұсталық және зергерлік өнер туындылары: жасау жолы және қолданыстық маңызы» кітаптарының таныстырылымы өтті.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді

29.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді