Алматыдағы креативті хабтың дизайнын әзірлеуге конкурс жарияланды

"Шымбұлақ ТШК жариялаған конкурс бір айға созылады

  • 29.06.2022

 

Креативті индустрия жаһандық экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда көптеген шығармашылық, талантты, креативті адамдар және индустрияның ізбасарлары пайда болуда. Креаторлар санының өсуімен байланысты, олардың әлеуетін іске асыруға қажетті кеңістіктер тапшы.

2020 жылы Ұлыбританияның мәдени байланыстар мен білім саласындағы “Британдық Кеңес” халықаралық ұйымы, еліміздің басты мәдени орталығы саналатын, Алматыдағы 33-ке жуық шығармашылық кеңістіктердің тәжірибесін сараптады. Оның нәтижесі бойынша 2013 жылдан бері тек 3 орын ашық.

Негізгі мәселелердің бірі - тікелей қатысы жоқ функцияларды атқару, яғни бір-екі адамнан құралатын шағым ұжымның әр қызметкері, өзіне тән емес әкімшілік, шығармашылық және қаржылық функцияларды атқаруы.

Өткен жылы Алматы қаласының дамуы жайлы болған кездесуінде Мемлекет басшысы, еліміздегі креативті экономиканың даму маңыздылығын ескере отырып, қала әкімшілігін атаулы бағытта дамуын қолдады.

Қазақстан бойынша креативті индустрия саласымен 17 мыңнан астам компания айналысады. Оның 8 мыңға жуығы Алматыда орналасқан.

Сондықтан, Шымбұлақ тау курорты креативті хаб құру туралы шешім қабылдап, Алматыда орналасқан, көлемі 1100 шаршы метрді құрайтын креативті кеңістікті құру дизайн-тұжырымдамасын әзірлеуге конкурс жариялайтыны жайлы хабарлайды.

Креативті хаб – әр-түрлі адамдар жиналатын физикалық немесе виртуалды кеңістік. Креативті хаб дегеніміз – шығаршылық, креативті және технологиялық секторлардың өкілдерін біріктіретін, нетворкинг және бизнес үрдістерін іске асырып, дамытатын, түрлі қауымдастықтар өзара әрекет ететін модератор-алаң.

Конкурстық жұмыстар маусым айының 29-нан бастап шілденің 29-на дейін қабылданады. Жеңімпаздар тамыздың 10-шы жұлдызында жарияланады. Байқауды ұтып алғандардың жұмыстары іске асырылуға, ақшалай және ынталандыру сыйлықтар алуға мүмкіндік алады.

Байқау нәтижелері туралы ақпарат «Шымбұлақ» тау курортының және «Kazakh tourism» ҰК АҚ сайттарында немесе әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Байқауды ұйымдастыру, өту және нысанға бару мүмкіндігі туралы ақпаратты +7 727 331 77 77 телефоны арқылы алуға болады немесе [email protected] электронды поштасына жазуға болады.

Байланысты жаналықтар

Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

20.03.2023

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

16.03.2023

Көрісу күні аймақтарда қалай өтеді? 

14.03.2023

«AMANAT»: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ АРТАДЫ

13.03.2023

«Қорғансыздың күнінде» қызды зорлаған болыс өмірде кім болған? 

12.03.2023

Ермек Қаныкейұлы. Ақкөл жердің шеті емес...

11.03.2023
MalimBlocks
Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

Әсілінде екеуі екі бөлек нәрсе

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

Алматылықтар байкот жариялаған

Көрісу күні аймақтарда қалай өтеді? 

Жергілікті жұрт көктемнің шыққан-шықпағанын осы амалдың қалай кіруінен-ақ байқаған

«AMANAT»: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ АРТАДЫ

«Қорғансыздың күнінде» қызды зорлаған болыс өмірде кім болған? 

Аса қатал, қатыгез, менмен болыс болған

Ермек Қаныкейұлы. Ақкөл жердің шеті емес...