Бас мүфти: Пайғамбар карикатурасына бола жауласудың қажеті жоқ

Malim Админ

  • 02.11.2020

Ресейдің бас мүфтиі Талғат Таджуддин Мұхаммед (с.ғс) пайғамбар карикатурасына бола жауласудың қажеті жоқ дейді РБК сайты сайты жариялаған материалда.

"Біреу бір нәрсені салып қойыпты деп түкке тұрмайтын нәрсе үшін соғыс жариялап, жауласудың қажеті жоқ - мұндай істі құдай да, құдай елшісі де, құдайға сенетін адамдар да жаратпайды, бұл табиғилыққа, өмірге жат нәрсе. Миллиондаған дам оның жауы болғанда ол не сізеді екен", -  деді бас мүфти.

«Дін тек келісім мен бейбітшілікті насихаттайды, адамдар содан бақытын табады. Дін адамдардың жүрегі мен ұятынан тұрады» деп есептейді Талғат Таджуддин.

Естеріңізде болса, Парижде мектеп ұстазы Самюэль Пати 2020 жылдың 16 қазанында этникалық шешен он сегіз жастағы Абдулах АНЗОРОВТЫҢ қолынан қаза тапты. Пати Charlie Hebdo сатиралық басылымыны шыққан Мұхаммед пайғамбар туралы карикатураны оқушыларға көрсеткен.

Франция президенті Эммануэль Макрон шабуылды "исламистер терактісі" деп атап, Патиды «қаһарманға» теңеген. Макрон мәлімдемесі бірқатар мұсылман елдерінде наразылық туғызды. Макронның саяси ислам жайлы мәлімдемесін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "исламды қорлау" деп бағалап, француз өнімдеріне бойкот жариялады.

Бұдан кейін біраз мұсылман мемлекеттері мен Франция арасындағы жағдай қиындап кетті. Франция елшіліктерінің алдында митингтер өте бастады.

Қырғызстанның Жалабад және Ош қалаларында Франция президенті Эммануэль  МАКРОНҒА қарсы митинг өткен болатын.

Мәскеуде Франция елшілігінің алдына мұсылмандар жиналып, өз қарсылықтарын Макронның суретін өртеумен көрсетті.

Кейін Макрон мұсылмандардың сезімін түсінетінін, бірақ «жазу, салу, сөйлеу» еркіндігін әрқашан қолдайтынын мәлімдеген.

Байланысты жаналықтар

Саакашвили: Назарбаевпен Ресейге ұнамаса да араласып тұрдық

25.06.2020

Президент: «Газ, су, электр қуаты үшін төлем тоқтатылады»

17.03.2020
MalimBlocks
Саакашвили: Назарбаевпен Ресейге ұнамаса да араласып тұрдық

Президент: «Газ, су, электр қуаты үшін төлем тоқтатылады»