Бес боксшымыз бас жүлдеге таласады

  • 29.05.2021

Бокстан Дубайдан өтіп жатқан Азия чемпионаты мәресіне таяп қалды.

Кеше түнде ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп, шешушісайысқа жолдама алған боксшылардың есімі белгілі болды.

 Ғалым Кенжебаев баптайтын боксшыларымыздың алтауы іріктеу кезеңінен іркілмей өтіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Өкінішке қарай, 52 келідегі Сәкен Бибосынов 2019 жылғы Азия чемпионы, үндістандық Амит Пангхалдан ұтылып, қолға жүлдені қанағат тұтты. Қалған бес боксшымыз қарсыластарына бас көтертпеді. 49 келідегі Даниял Сабит филиппиндік қарсыласын ұтса, 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов моңғолиялық Баттумур Мишеелттің мысын басты. 75 келідегі Әбілхан Аманқұл мен +91 келідегі Қамшыбек Қоңқабаев ирандық боксшыларды тізе бүктірді. 91 келідегі Азияның үш дүркін чемпионы Василий Левит қырғызстандық былғары қолғап шеберінен айласын асырды.  

Жартылай финалдық жекпе-жектердің нәтижелері

49 келі.

Унуболд Орхонтунгалаг (Моңғолия) - Нодиржон Мирзахмедов (Өзбекстан) - 0:5.

Даниял Сабит (Қазақстан) - Марк Лестер Дуранс (Филиппин) - 5:0.

52 келі.

Амит Пангхал (Үндістан) - Сакен Бибосынов (Қазақстан) - 5:0.

Азат Үсеналиев (Қырғызстан) - Шахобидин Зоиров (Өзбекстан) - 1:4.

56 келі.

Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан) - Жунмилардо Огайер (Филиппин) - 5:0.

Есенбек Ақылбек (Қырғызстан) - Харкхуу Энх-Амар (Моңғолия) - 0:5.

60 келді

Эрденебат Цендбаатар (Моңғолия) - Абдумалик Халоков (Өзбекстан) - 3:2.

Даниял Шахбахш (Иран) - Вариндер Сингх (Үндстан) - 3:2.

64 келі.

Баходур Усмонов (Тәжікстан) - Шива Тапа (Үндістан) - 0:4.

Елнұр Әбдірайымов (Узбекистан) - Баатарсух Чинзориг (Моңғолия) - 0:5.

69 келі

Бобо-Усмон Батуров (Өзбекстан) - Викаш Кришан (Үндістан) - 4:1

Баттумур Мишеелт (Моңғолия) - Абылайхан Жүсіпов (Қазқстан) - 0:5.

75 келі

Саиджамшит Джафаров (Өзбекстан) – Эимур Марсиал (Иран) – 0:5

Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) -  Зейдшахин Моусави (Иран) - 5:0.

81 келі

Мейсам Гешлаги (Иран) – Еркін Әділханұлы (Кыргызстан) - 4:1.

Шаббос Негматуллоев (Тәжікстан) - Дилшодбек Рузметов (Өзбекстан) - 0:5.

91 келі

Василий Левит (Қазақстан) - Рустам Ырысбек (Қырғызстан) - 5:0.

Санжар Тұрсынов (Өзбекстан) -  Санжет (Үндістан– 0:5. 

+91 келі

Баходир Жалолов (Өзбекстан) - Абдулрахман Аланзи (Кувейт) - RSC 2Р

Пуриа Амири (Иран) – Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) – 0:5.

***

Жартылай финалдық жекпе-жектердің нәтижесі бойынша 7 бірдей өзбек боксшысы финалға жолдама алды. Қазақстаннан 5 боксшы. Үндістан мен Моңғолия елдерінен 3, Ираннан 2 боксшы Азияның алтын медалін сарапқа салады.

Фото:kfb.kz

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік