Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

Экс-министр бір жылдан астам уақыт үйқамақта отыр.

Анар Бекбасова

  • 12.11.2021

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін тағы екі айға – 14  қаңтарға дейін ұзартты. Біртановтың өзі және оның қорғаушылары экс-министрдің шетелде бой тасалайтын ойы жоғын, тергеу органдарына қысым жасамайтынын алға тартып, үйқамақты алып тастауды өтінген. Алайда судья айыптау тарабының үйқамақ мерзімін ұзарту туралы өтініш қанағаттандыруды жөн деп тапты. Үй қамауына алынғанымен, сот күдіктінің бала-шағасы барын және оларды асырау керегін ескере отырып, оған жұмыс істеуге рұқсат берді. Қазір Біртанов «Емдеу групп» жекеменшік компаниясының директоры қызметін атқарады. Біртанов бір жылдан астам уақыт үйқамақта отыр, дегенмен қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы әлі басталған жоқ. Тергеу амалдары 7 шілдеде аяқталған, істе 133 том мен 20 жәшік заттай айғақ бар. Тергеушілердің болжамынша, Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішев жарамсыз ақпараттандыру платформасын қабылдап, мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірген.  Бірақ экс-министр өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Байланысты жаналықтар

Біртанов ісі. Экс-министр үйқамақта тағы екі ай отырады

24.09.2021

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

08.07.2021

Біртанов: Дәрі-дәрмек тапшылығына "СҚ-Фармация" кінәлі емес

21.06.2021

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

06.05.2021

Цойды сотқа шақыру сұралды

28.04.2021

Цой Біртановтың қайда жұмыс істеп жүргенін айтты

26.04.2021
MalimBlocks
Біртанов ісі. Экс-министр үйқамақта тағы екі ай отырады

Апелляциялық сот Елжан Біртановтың үй қамағынан босату туралы өтінішін тағы да қанағаттандырмады.

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

Біртанов: Дәрі-дәрмек тапшылығына "СҚ-Фармация" кінәлі емес

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

Цойды сотқа шақыру сұралды

Цой Біртановтың қайда жұмыс істеп жүргенін айтты