Дәрігер: 425 мыңның орнына төлегендері 30-35 мың теңге

Malim Админ

  • 05.08.2020

Семей қаласының дәрігері басшылығына наразы. Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлер үкімет уәде еткен ақшаны алмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz. сайты жазды.

Атын жасыруды қалаған медқызметкер Семей қаласының жедел медициналық көмек ауруханасының реанимация бөлімінде жұмыс істейтінін айтқан. 8 шілдеде бұл аурухананы коронавируспен ауырғандарды қабылдайтын стационарға айналдырған.

«Біз коронавируспен ауырғандарды емдедік, қазір де емдеп жатырмыз. Реанимацияға қауіпі жоғары науқастар түседі. Бізді мәжбүрлі түрде жұмысқа шығарды, таңғы сегізден кешкі сегізге дейін істейміз.

Бізге уәде етілген 425 мың теңгені төлеген жоқ. Тынбай жұмыс істедік, сондағы төлегендері 30-35 мың теңге. Санитарларға, тіпті, 15 мың теңге төледі.

Әр күн жұмысқа үлкен қорқынышпен барамыз. Мүмкін мен де сол ауруға шалдығып қалармын деген ой маза бермейді. Күнде сегізде жұмысқа бара жатқанда қауіпті аймаққа кіретініңді ойлайсың.

Коронавирустан адам қайтыс болғанда, өзіңді құтқара алмадым деп кінәлайсың. Бірақ жасанды тыныс алу аппараттары жетпегендіктен өліп жатыр ғой. Ауруханадағы ахуалды айтпай-ақ қояйын.

Арнайы киімді киіп жүрудің өзі қаншалықты шаршататынын білсеңіз. Бізге бір ғана нәрсе керек. Жұмысымызға лайық ақша төлесін», – дейді дәрігер.

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы аталған жәйт бойынша тексеріс жүргізетінін айтқан.

Байланысты жаналықтар

Дәрігер Күләш Ахметованы ақындыққа баулыған

22.09.2023

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

20.09.2023

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

19.09.2023

В Астане стартовали XIV Национальные Дельфийские игры

15.09.2023

Жынданып өлген Оразбаева. Кеңестік кесір жүйенің құрбаны

11.09.2023

Колледждерге грaнт көбейді

30.08.2023
MalimBlocks
Дәрігер Күләш Ахметованы ақындыққа баулыған

Жамбылдағы медициналық училищені оқып жүргенде Өкім ағасының үйінде тұрыпты

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

Қаламгер 74 жасында өмірден озды

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

Алғаш рет елімізде  драма мен опера сынды екі үлкен жанрды үндестіретін қойылым жұртшылыққа жол тартады

В Астане стартовали XIV Национальные Дельфийские игры

XIV Национальные Дельфийские игры проходят в эти дни в столице. В Астане они организованы уже в четвертый раз. Мероприятие продлится до 17 сентября.

Жынданып өлген Оразбаева. Кеңестік кесір жүйенің құрбаны

Арнайы пансионат-үй бөліп, қасына дәрігер қойғанмен, жазылып кетпейді

Колледждерге грaнт көбейді