«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды

Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса алады

Арман Қайыпхан

  • 17.09.2024

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді:
«Әдебиет»,
«Ғылым», 
«Дизайн және бейнелеу өнері», 
«Журналистика», 
«Классикалық музыка», 
«Креативті бастамалар», 
«Спорт», 
«Театр және кино», 
«Эстрада», 
«Халық шығармашылығы».

«Дарын» жастар сыйлығына үміткерлерді мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Жыл сайын сыйлықты табыстау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызмет, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған. Содан бері аталған сыйлықты түрлі саладағы 340-тан астам азамат иеленді.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2024 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылдайды. Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@mki.gov.kz поштасына жолдауға болады. Байланыс номерлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байланысты жаналықтар

Мереке Құлкенов: Жазушылар арасында рушылдық жоқ

08.11.2024

«Арақ ішіп, домалаған бала да менің бауырым»: Нұрлан Имам жастарды мейірімді болуға шақырды

08.11.2024

Еңбек күніне орай елімізде 200 іс-шара өтті

29.09.2024

Күрестен әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті

03.09.2024

Елімізде бір күнде 256 тонна қоқыс жиналды

04.08.2024

Маңғыстауда жас психологтарды тегін оқытуға іріктеу жүріп жатыр

26.07.2024
MalimBlocks
Мереке Құлкенов: Жазушылар арасында рушылдық жоқ

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов одақтың баспалардан басқа ешқандай мекемеге қарызы жоғын, қаламгерлер арасында рушылдық дерті азайғанын және мемлекеттік сыйлық кезіндегі талас-тартыс туралы айтты. Бұл туралы ол www.kaz.inform.kz сайтына берген сұхбатында әңгімелеген.

«Арақ ішіп, домалаған бала да менің бауырым»: Нұрлан Имам жастарды мейірімді болуға шақырды

Танымал имам бұл туралы студенттермен кездесу кезінде айтты.

Еңбек күніне орай елімізде 200 іс-шара өтті

Оған жастардан барлығы 2 мыңнан аса адам тартылған

Күрестен әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті

Елімізде бір күнде 256 тонна қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан» ұлттық онкүндік басталды

Маңғыстауда жас психологтарды тегін оқытуға іріктеу жүріп жатыр

Іріктеу кезеңі 5-тамызға дейін жалғасады.