Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Сабина Асқарқызы

  • 09.04.2025

Бір ай бұрын, 7 наурызда, әлемдік музыка алаңдарда Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әнінің премьерасы өтті. Ән әлемнің көптеген елінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерде топ бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ал dimashnews.com мәліметінше, әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін франциялық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді.

Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.

Radio Olsztyn S.A. – 1952 жылы негізі қаланған Польшадағы аймақтық қоғамдық радиостанция да дауыс беру тізіміне «Love’s Not Over Yet» әнін енгізіп, жаңа туынды бірден рейтингте бірінші орынға ие болды.

L’Opinionista итальяндық ұлттық ақпараттық және талдау газеті 2025 жылдың наурыз айындағы «Songs of Moment» хит-парадының нәтижелерімен бөлісті:

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2025 жылдың наурыз айындағы халықаралық заманауи музыкаға арналған хит-парадтың көшін бастады.

«Love’s not over yet» әнін екі Грэмми сыйлығының иегері, продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьеф бастаған халықаралық топ талантты әртістің дауысын барынша көрсету үшін арнайы жазған болатын. Сондай-ақ, авторлар құрамында: Доминик Борс пен Флавиен Компаннон – композиторлар болса, Девон Грейвс – әннің сөзін жазған.

Бейнебаян көрермендерін бірден өзіне баурап алады. Видеоның алғашқы сюжеттерінен-ақ, махаббат хикаясы баяндалып, батылдық, әйел баласына және отбасына деген құрмет пен адалдық сияқты құндылықтарды көрсетеді. Ал бейнебанның соңы көрерменінің жан-дүниесін баурап алып, видеоның жалғасы болатыны туралы әсер қалдырады…

Фото: Facebook/dimash.official.dq

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

09.05.2025

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

Әлемдегі ең бақытты қалалардың рейтингі жарияланды

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті