«Димаштан бұрын бастадық». Әнші Роза Әлқожа су тасыған аймақтарға сапарға шыққан кезін айтты

Өнер иесі су тасыған өңірлерге гастрольдік сапармен барған.

Сабина Асқарқызы

  • 21.05.2024

Әнші, сазгер Роза Әлқожа «Оян» таңғы бағдарламасына берген сұхбатында су тасқыны кезінде қандай шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші Роза Әлқожа еліміздің бірнеше облысын су басқан уақытта өнер адамдарының басын қосып, гуманитарлық көмек дайындауға ат салысқан. Өнер иесі су тасқыны басталған кезде алғаш болып гастрольдік сапарға шыққанын да атап өтті.

Елдің бәрі Димаштан кейін бастады деп айтып жатыр ғой. Жоқ, біз Димаштан бұрын бастадық, – деді ол.  

Ал жылу жинамас бұрын аталмыш іске ер азаматтардың бастамашы болмағанын, сондықтан тізгінді өз қолына қолына алғанын айтты. 

Өнер адамдары біріге бермейді. Арқалықты су алды. Мен ер адамдар бірінші бастайды деп ойладым. Бірақ ешкім біріге қоймады. Себебі әркім әр жерден өз беріп жатты ғой, - дейді әнші.

Гуманитарлық көмекке қаржы жинау барысында өнер адамдарды қарызға алып бергенін де жасырмады.

Зейнетке шыққан апаларымыз бар. Табысы жоқ. Бірақ қарызға алып берді. Бізде 27 миллион теңге жиналды, - дейді Роза Әлқожа.

Айта кетейік, әншілер жиналған қаржылай көмекке жылжымалы үйлер сатып алған.  Осылайша, өнер иелері халықты күн салқын кезде жылуды ұстап тұратын уақытша баспанамен қамтамасыз еткен еді.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген