Екі тау курортында бір абонементпен шарықта

Шымбұлақ пен Oi-Qaragai тау курорттары біріңғай маусымдық абонементті шығарады. Осы абонемент алматылықтар мен қала қонақтарына екі курорттағы қызметтерін тамашалауға мүмкіндік береді.

  • 02.09.2021

Қыс мезгілінде абонемент иесі екі курорттағы көтергіштерді шектеусіз пайдалана алады. Мұндай абонементті құру - Алматы тау курорттарын біріктірудің бірінші кезеңі. Бюджетті бөлудің әділ жүйесі болашақта Алматы мен Алматы облысының басқа курорттарына жобаға қосылуға мүмкіндік береді. Жеке курорттардың дамуы, тұтастай тау шаңғысы индустриясының дамуын бастайды.

«Тау шаңғы индустриясы бір орында тұрмайды, біз жыл сайын жаңа өнімдерді жетілдіру үшін жұмыс жасаймыз. Туристтер арасында түрлі курорттарда шаңғы тебуге деген сұраныстың жоғарылауын талдау, біріңғай маусымдық абонементін жасау ойын тудырды. Өткен жылы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы осы қиын кезеңде туризм индустриясына қатысушылар арасында ынтымақтастық қажет екенін атап өтті, бәсекелестер қызметтерді ортақ пакеттерге біріктіруге және статистикалық мәліметтермен бір -бірімен бөлісіп кірісуге шақырды» - Шымбұлақ тау курортының бас директоры Абдрахманов Ринат.

Болашақта қысқы маусымда Алматыға келген туристтер үшін тамаша ұсыныс, апталық абонементін құру қарастырылуда. Тау шаңғы туризмін одан әрі дамыту мен танымал ету Алматы қаласы әкімдігінің белсенді қолдауымен жүзеге асады.

Oi-Qaragai тау курортының бас директоры Ерлік Балфанбаевтың айтуынша: «Бұл, Алматы облысының тау шаңғысы туризмін дамытудағы үлкен қадам. Бірыңғай қызметтерді құру арқылы біз тау баурайларының әртүрлілігін және де жалпы ұзындығына қызығушылық танытатын шетелдік туристер үшін, Қазақстандағы тау шаңғысы нарығының тартымдылығын арттырамыз. Өнімнің осы маусымда жасаудың синергетикалық әсерін көре алатынымызға сенімдімін. Бұл барлық қатысушылар үшін тиімді: курорттар мен қонақтардан бастап, қала мен елге дейін».

Бірыңғай маусымдық скипасс 2021 жылдың 28 тамызында сатылымға шықты. Бір ғана маусымдық тау шаңғысы абонементі алматылықтар мен қала қонақтарына демалысты курорттардың бірінде өткізуге таңдау береді. Абонементтер ұстаушыларына арналған шаңғы трассаларының жалпы саны 38, олардың ұзындығы 45 км, ал көтергіштер  саны 19-дан артады.

Әзірленген өнім курорттардың бірлескен маркетингтік қызметінің негізі болады, Алматыдағы тау шаңғысы нарығының арттыруна және ұлғаюына әкелуге тиіс. Мұндай науқан екі объектті танымал етуге, қонақтар үшін тау шаңғысы демалысын қолайлы және қолжетімді етуге көмектеседі. Екі курорттың бірігуі елдің тау шаңғы индустриясының дамуындағы тарихи кезең болмақ.

Байланысты жаналықтар

"Шымбұлақ" мерейтойлық маусымын ашады

22.12.2023

Шымбұлақ Гиннесс рекордтар кітабына енді

27.03.2023

"Миллионер" «Шымбұлақ» жаңа маусымын ашты  

24.11.2022

Шымбұлақта апаттың алдын алу үшін қар көшкіні жүргізілді

31.03.2022

Шымбұлақ жұмысын жалғастырады

12.01.2022

Алатаудың бөктерін офшорда жүрген кәсіпкер алыпты

29.05.2020
MalimBlocks
"Шымбұлақ" мерейтойлық маусымын ашады

"Шымбұлақ" осы сенбі - 2023 жылғы 23 желтоқсанда мерейтойлық маусым басталатынын хабарлайды. Курорттың ашылғанына 70 жыл!

Шымбұлақ Гиннесс рекордтар кітабына енді

«Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша

"Миллионер" «Шымбұлақ» жаңа маусымын ашты  

«Шымбұлақ» былтыр, яғни, 2021-22 жылғы маусымда жеке рекордын жаңартты. Кез келген туристік орталықтың өлшемі келушілермен өлшенеді, бұл жағынан біз айтып отырған тау-шаңғы курортының даму қарқынын пандемияға дейін және пандемиядан кейін деп, екі кезеңге бөлуге болады.

Шымбұлақта апаттың алдын алу үшін қар көшкіні жүргізілді

Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің жүру қаупі болғандықтан, құтқарушылар профилактикалық қар түсіру жұмысын жасап жатыр.

Шымбұлақ жұмысын жалғастырады

Алатаудың бөктерін офшорда жүрген кәсіпкер алыпты