Максим Рожин: Төлқұжатқа қазақ деп жазсақ, ештеңе өзгермейді

Malim Админ

  • 16.11.2020

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалған Майя Бекбаева сол күні: “Барлығыңыздың құттықтауыңызға рахмет. Бұл қызмет жауапты, құрметті, қоғамдық қызмет. Сондықтан “Қазақ тв” телеарнасын одан әрі басқара беремін. Бүгін ассамблея отырысында өзіме қызық көрінген бір мәселені сіздермен талқылағым келеді. Тараздағы бір мектептің директоры, өз ұлты дүнген, әкесі дүнген, шешесі ұйғыр екен, кез келген басқа ұлт өкілі егер қаласа төлқұжатына қазақ, я қазақстандық деп жазса деген ұсыныс айтты. Ол кісінің аргументі Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері қазақ жерінде тұрғандықтан өздерін қазақ сезінеді екен. Ондай мүмкіндікті неге бермеске? Американы алайықшы. Үлкен ел, әртүрлі ұлттар тұрады. Бірақ бәрі ұлтын жазатын жерген “америкалық” деген болатын.

Бұл сөз қоғамда қызу талқыға түсіп, талас тудырды. Осы ұсынысқа орай Ұлттық кеңес мүшесі, журналист Максим Рожин пікір білдірді. Рожиннің сөзінше бұндай ұсыныстар популизм және одан ештеңе өзгермейді.

Оқи отырыңыз: Дүнген, ұйғыр және басқа ұлттар қазақ болып жазылғысы келеді

«Қандай ұсыныс болсын оның орынды не орынсыз екенін көрсететін бір ғана сипаттама бар. Ол ұсыныстан не өзгереді? (Қарапайым тілмен айтқанда ол ұсыныстан халыққа, елге, азаматқа, өзіңе не пайда?).

Енді соңғы күндері мені тегтеп көп азамат төлқұжатымда ұлтты өзгертсем, қарсы емес екенін, тіпті "сен өзгертсең рұқсат" деп жазып жатыр. Оған қарсы ойлар да айтылып жүр, орынды деп ойлаймын. Барлықтарыңызға рахмет, біріңізге сенім үшін, басқаларға ашық ойлар үшін.

Осы сәтте барлығымыз бір сұраққа жауап іздейікші: ұлтты төлқұжатта өзгертсек, не өзгереді? Нақты тізіп берсеңіздер. Елде, халықта,қазақ даласын мекендеген әрбір азаматта не өзгеріс болады? Егер мен шатассам айтыңыздар.

Ал меніңше өзгеріс болмайды. Қазақ тілін білмейтіндер қазақша сөйлеп кетпейді, жемқорлар жойылып кетпейді, экономика қарқынды дамып кетпейді, теңге бағамы доллармен тең болып кетпейді. Солай ма? Ал олай болса, популизмді ысырып тастап, елге пайдалы ұсыныс жасайық.

Рахмет, орыс болып жүріп туған жерімді құрметтеп жүре берсем рұқсат шығар? Көбіміз Жаратушының берген ұлтымен, патриотизмді шатастырған секілдіміз. Мойнымызға Жаратушының ісін емес, адамның қолынан келетін, елге пайдалы дүниемен айналысайық» деп жазды М. Рожин.

Байланысты жаналықтар

Максим Рожин: Жауапкершілік пен әдеп жоқ жерде келеңсіздік көбейеді

14.03.2025

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азиада алтынын жеңіп алды

11.02.2025

Соңғы 30 жылда Қытайдан 160 мыңнан астам қандас келген

14.01.2025

«Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі ұлтараздықты қоздырды – танымал режиссер

04.12.2024

Көшпенділер ойынынан кейін қазақ халқын балағаттаған Қырғызстан азаматы ұсталды

21.09.2024

Қазақ пен қырғызға тек бауырмалдық жарасады. Көкпар федерациясы

13.09.2024
MalimBlocks
Максим Рожин: Жауапкершілік пен әдеп жоқ жерде келеңсіздік көбейеді

Балаларымыз үшін қорқып, мектепке дейін шығарып салып, алып кететін жағдайға жеттік

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азиада алтынын жеңіп алды

Соңғы 30 жылда Қытайдан 160 мыңнан астам қандас келген

«Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі ұлтараздықты қоздырды – танымал режиссер

Танымал режиссер Айсұлтан Сейітов фильмді сынап, пікір білдірген

Көшпенділер ойынынан кейін қазақ халқын балағаттаған Қырғызстан азаматы ұсталды

Ол көпшіліктен кешірім сұрады

Қазақ пен қырғызға тек бауырмалдық жарасады. Көкпар федерациясы

Көкпарда қамшысын сілтеп жіберсе, аса бір арызданатын жағдай емес