Министр оқулық жеткізу мәселесін шешпек

Malim Админ

  • 11.02.2020

Білім және ғылым министрлігі мектептер оқулықтармен қатар көркем әдеби кітаптарға да тапсырыс беруі тиіс деп есептейді. Сондай-ақ биылдан бастап мектептерге оқулықтар оқу жылы аяқталмай тұрып жеткізіледі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің ойынша, орта мектептер көркем әдеби кітаптарға да тапсырыс бергені жөн. «Біз балалардың оқуға, кітапқа, әдебиетке деген махаббатын оятқымыз келеді. Бірақ оқу орындары мен мектептер көркем әдеби кітаптарды алғысы да келмейді. Керек десеңіз, қазір тиісті әдеби кітаптардың қоры да қалмай барады. Сол себепті бұл мәселені де назарға алайық», - деді Асхат Аймағамбетов 11 ақпан күні өткен білім және ғылым министрлігінің ақпараттық отырысында.

Министр сондай-ақ мектептерге оқулықтар ертерек жеткізілуі керек деген бастама көтерді. «Жыл сайын бізде мектептерге оқулықтарды жеткізу бойынша проблема туындайды. Сол себепті осы жылдың 31 наурызына дейін оқулықтарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмысын аяқтауды тапсырамын. Әдеттегідей, шілде немесе тамыз айларына дейін күтудің қажеті жоқ. Олай етсек, жыл сайын осы проблемамен бетпе-бет келе береміз. Бұл жұмысты 31 наурызға дейін атқаруға ештеңе кедергі келтіріп тұрған жоқ», - деді ол.

«Бізде оқулықтарға тапсырыс беру жағынан проблема бар. Мектеп оқулық көлемі бойынша бір сұраныс, ал білім басқармасы немесе бөлімі екінші көлем бойынша сұраныс жолдайды. Себеп түсініксіз. Бәлкім, бұл бағытта вице-министр арнайы мониторинг тобымен мәселені бақылауға алу керек болар. Тәуекелдер көп», - деді Асхат Аймағамбетов білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

Фото: egemen.kz

 

Байланысты жаналықтар

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

29.05.2023

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

26.05.2023

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

23.05.2023

Қаламгерлер билік пен халық арасындағы дәнекер қауымға айналуы тиіс

22.05.2023

Авторлар еңбегін даулап отыр. Есенәлиев не дейді?   

22.05.2023

Мың музыкант бір сахнада. Төсбелгі жауған апта

21.05.2023
MalimBlocks
Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

Абай арманын ақиқатқа айналдырам дегеніне «Батыраштар» мұрша бермеді

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

Бұл жөнсіздікке қатысты адам деп Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбайдың аты аталды

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

Елорданың 25 жылдығына орай өтетін бұл байқаудағы ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады

Қаламгерлер билік пен халық арасындағы дәнекер қауымға айналуы тиіс

Одақ жұмысы сол дәстүрге сай жалғасуы, дамуы тиіс дейді бүгінгі қаламгерлер.

Авторлар еңбегін даулап отыр. Есенәлиев не дейді?   

2019 жылдан бері бір тиын ақша алмағандар бар

Мың музыкант бір сахнада. Төсбелгі жауған апта

Астанада 20 мамырда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік кеш өтіп, «Астана Опера» театрының сахнасына бір мезетте мыңнан астам музыкант өнер көрсетті.