Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Malim Админ

  • 21.03.2024

Елорданың орталық саябағында Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің аспаздары бір тоннадан астам палау әзірледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Наурыз мейрамы орталық саябақта алғаш рет тойланып жатыр. 

Іс-шараға көрші елдердің аспаздарымен қатар Тәжікстан мен Иран елшіліктері де қатысты. Олар киіз үйлерін тігіп, онда өз мәдениеттерінде Наурыз мерекесінің тойлануының айырмашылықтары туралы әңгімелеп, дәстүрлі тағамдармен дәм таттырды.

Ал EXPO халықаралық көрме орталығында "Наурыз базары" шығыс жәрмеңкесі ашылды. Іс-шараға алғашқы жұмыс күнінде рекордтық 30 мың адам қатысты.

Жәрмеңкеге Түркия, Иран, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Татарстан және Башқұртстан сияқты елдерден 50-ден астам қолөнершілер қатысты.

Ел өңірлерінен келген фермерлер азық-түлік жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім, оның ішінде ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, бал және т. б. әкелді. Жәрмеңке 22 және 23 наурыз күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.

 

Сондай-ақ, оқыңыз: Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

 

ФОТО: Астана әкімдігі

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.