«Нұрлы жер» бағдарламасы іске асып жатқан жоқ
Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдағанда елде 1,3 мың ауыл мемлекеттік қолдауынан қағылып отырғанын айтты.
«Нұрлы жер» бағдарламасы шекаралық аймақтар мен тұрғыны аз ауылдарды мүлде іске асып жатқан жоқ. 1,3 мың ауыл (200, не одан аз тұрғыны бар) мемлекеттік қолдауынсыз қалып отыр», - деді депутат.
Депутаттың сөзінше, жер телімдерін бөлуде де қиындықтар туып отыр.
«5 мыңға дейін тұрғындары бар елдімекендерде жер телімдері құрылыс жобасы бойынша су, электр жарығы тартылып барып, берілуі керек. Бірақ инженерлік жұмыстарға ақша кей аймақтарда бөлінбеген. Бұл тұрғындардың үй салу үшін жер алатын құқықтарын бұзу боп саналады», - деді Булавкина.
2016 жылы бұрынғы президен Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасын бекіткен. Аталған бағдарлама аясында бос жатқан жерлерге инженерлік коммуникацияларды тартып, жеке үй салу үшін әр азаматқа 10 сотық жер учаскелерін берілуі керек еді.
Назарабев сол кезде Үкіметке тапсырма беріп тұрып: «...Алдымен инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды жасап беру керек. Сол кезде жеке үйді салатындардың шығындары азаяды. Демек, біз жеке баспанаға кететін шығындардың 30 пайызын өз мойнымызға алып отырмыз», – деген болатын.