«Өмір түгіл өзімді де білмеймін». Әнші Бауыржан Исаевқа сахнаға шығуға шектеу қойылған

Әнші бірнеше жыл сахнадан көрінбей кетуіне не себеп болғанын айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 21.05.2024

«Өмір түгіл өзімді де білмеймін. Сені ойласам төзімді де білмеймін» деп әндетіп, елге танымал болған әнші Бауыржан Исаев «ХабарLike» бағдарламасында тыңдармандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі өзінің шығармашылығына шектеу қойылып, сахнадан алшақтап кеткен сәтін еске алды.

Бүгін алғаш рет айтайын деп жатырмын. Бұл ақпаратты сіздерге жеткізгім келеді. Негізі 2000 жылдары менің шығармашылығыма ресми түрде шектеу қойылған болатын. Енді ол кісілердің атын атамасам да болады. Олар бірнеше жыл бұрын дүниеден озды. Сол кезде ресми түрде Бауыржан Исаевтың шығармашылығына шектеу қойылып, кәдімгідей тыйым салынған. Бүкіл өңірлерге, облыс әкімдеріне хабарласып, менімен жұмыс істемеу туралы бұйрық шығарған еді, - дейді ол.

Әншінің айтуынша, ресми бұйрықтан кейін концерттерге шақырмайтын болған.

Сондықтан мені концерттерге шақыруды қойды. Одан бөлек Қазақстандағы радио және телебағдарламалардан менің әндерім мен бейнебаянымды алғызып тастады. Сол кісілердің дәурені жүріп тұрған кезі ғой. 3-4 жылдай сахнаға шыға алмай жүрдім. Одан кейін Түркістан қаласында жүргенімде марқұм Арман Дүйсенов ағамды кездестірдім, - дейді Бауыржан Исаев.

Ол марқұм композитор Арман Дүйсенов қолдау көрсеткенін атап өтті.

Арман ағамыз Алматы қаласына көшкен соң, «Бауыржан, не болса да халқың сені жақсы көреді, сағынады, күтеді. Саған 10-15 жаңа ән жазып берем, жаңа альбом шығарамыз», - деп үлкен қолдауын көрсеткен еді. 7-8 жыл бойы Арман ағамен тығыз шығармашылық байланыста болдық. 2012 жылы менің екінші күйтабағым шықты. Сол күйтабаққа енген 17 әннің 14-ін Арман Дүйсенов жазған, - дейді әнші.

Фото: Видеодан скрин

 

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен