457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақ балуандары жеті алтын алды

Алматыда өткен Азия чемпионатынан қазақ балуандары 17 медаль ұтып алды. Оның жетеуі алтын. Бұл туралы Malim.kz сайты хабарлайды.

Сәуірдің 13-ші күні басталған Азия біріншілігі кеше 18 сәуір күні аяқталды. Сары құрлықтың спортшылары 30 медальді сарапқа салды. Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 17 жүлде жеңіп алды. Оның жетеуі алтын, бес күміс және бес қола.

Былтыр Үндістанның Нью-Дели қаласында қазақ балуандары Азия біріншілігінде  бес алтын медаль иеленген болатын. Биыл екі алтынға көп алып отыр.

Сонымен Балуан Шолақ спорт сарайында 50 және 76 келі салмақта Валентина ИСЛАМОВА-БРИК пен Эльмира СЫЗДЫҚОВА жеңімпаз атанса, грек-рим күресінің шеберлері Айдос СҰЛТАНҒАЛИ (60 келі) мен Сұлтан ӘСЕТҰЛЫ (63 келі) чемпион атанды.

Әсет СЕРІКБАЕВ жаттықтыратын еркін күрес шеберлері үш алтын иеленді. Олар: Сырбаз ТАЛҒАТ, (70 келі) Нұрқожа ҚАЙПАНОВ (74келі), Олег БОЛТИН (125 келі) .

Фото: inbusiness.kz