Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Арман Қайыпхан

  • 24.04.2025

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған қабірхананың оюлы ағаш есігі таныстырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Музей қызметкерлері көпшілікке есікті реставрациялау кезеңдері жайлы әңгімелеп, қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды, сонымен қатар есіктегі жазбалардың мағынасын да түсіндірді.

2018 жылдан бері екі жыл жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша  XIV ғасырдан сақталып келген қасиетті есік көнеріп, өңі сыр бере бастаған. Соған байланысты 2021 жылы есік қалпына келтіру лабораториясына реставрация-консервация жұмыстары үшін жіберілген болатын.

Бұл жоба барысында 3D-сканерлеу, рентгенография және нейтронды томография сияқты заманауи технологиялар қолданылды. Бес жыл бойғы қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде, есік ғасырлар бойы қордаланып қалған шаң-тозаңнан, зиянкестерден тазартылды.  

Бұл қасиетті есіктің әлі ұзақ сақталуына сеп болып, осы уақытқа дейінгі белгісіз жазуларды да оқуға мүмкіндік беріп отыр. Реставрациялаудан өткен қабірхана есігі Түркістанға қайтарылып, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығында сирек жәдігерлер музейінің экспозициясына қойылды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

10.04.2025

Танымал қазақстандық дирижер қайтыс болды

08.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025

Бір күнде хитке айналған башқұрттың Homay әні туралы не белгілі?

24.03.2025

Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті

18.03.2025
MalimBlocks
Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

Танымал қазақстандық дирижер қайтыс болды

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік

Бір күнде хитке айналған башқұрттың Homay әні туралы не белгілі?

Әлеуметтік желіде башқұрттың Ay Yola тобының Homay әні тарап жатыр. Бұл ән бір күнде хитке айналып, қазақстандықтардың көңілінен шықты

Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті