Сапарбаев 61 млрд теңгені қалай игеріп жүргенін айтты

Malim Админ

  • 18.08.2020

Бүгін Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бөлінген қаржыны қалай игеріп жатқаны туралы есеп берді. «Жол картасы» бойынша аймақтағы жұмыссыздықпен қалай күресіп жатқанын айтқан облыс басшысы жылдың аяғына дейін барлық көрсеткіштерді артығымен орындайтынын айтты.

«Жамбыл облысы 25 мың тонна сүттен, 11 мың тонна қымыздан бюджетке ақша түсірді. Ең бастысы өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар есепке тұрды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 831 жоба іске асып жатыр. Үш жоба каналға байланысты. Олар келесі айда іске асады.

Бөлінген қаржы 61 млрд теңге. Осы уақытқа дейін соның 85 пайызы игерілді. Келесі айда 98 пайызын игереміз.

Сіздің берген тапсырмаңыз қазақстандық тауарларды, қазақстандық қызметтерді көбейту. Қазіргі таңда ол 90 пайызды құрайды.

Біздің өңірде 87 білім объектілері салынып жатыр. Ол 2 мыңнан астам жұмыс орнын береді. Коммуналдық салада 179 нысан, ол ең кем дегенде 8000 жұмыс орнын береді, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларында 54 нысан салынып жатыр, ол кемінде мыңнан астам жұмыс орнын береді. Ең бастысы жолы жөнделмеген, газ тартылмаған ауылдарға инфрақұрылым жүргізіледі. Ол 5 мыңнан астам жұмыс орында қамтиды.

Жалпы «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 18 мың жұмыс орны ашылды. Өңірдегі жұмыссыздардың саны 4,8 пайыздан асқан жоқ.

Жылдың аяғына дейін барлық көрсеткіштерді артығымен орындау, сапалы жасау – біздің мақсатымыз», – деді Бердібек Мәшбекұлы.

Құдды өткен ғасырда көрсеткіштерді жылдан жылға артығымен орындап жатқан науқаншылар секілді. Белгіленген меже бар. Содан түсуге болмайды. Рас өтірігін ажыратып жатқан кім бар. Әкімдердің есебін тыңдасаңыз - бәрі жақсы. Өсіп жатыр, байып жатыр. Елге барсаңыз - баяғы жартас сол жартас.

Байланысты жаналықтар

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

17.01.2023

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

07.04.2022

Сапарбаев та кетті

07.04.2022

Көпбалалы аналардың жағдайын жақсарту керек - сарапшы

09.02.2022

Аттестациядан өту, математиканы бөліп оқыту. Білім саласындағы өзгерістер

01.02.2022

Ұшып кеткен шатыр немесе Сапарбаевқа сәлемдеме  

30.11.2021
MalimBlocks
«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

Бюджеттен ақшаның кешігіп түсу себебін отырыста баяндама жасаған Қуантыровтан да бір сұрай салуы керек пе еді...

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

Бердібек Сапарбаев - Назарбаев дәуірінде қалыптасқан, әкім болудан рекорд жасаған шенеунік. Қазір зейнет жасында. Бүгін Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылды. Бірақ, ол құрған отбасылық династия рекордсмен әкімнің орнын жоқтатпайтын сияқты...

Сапарбаев та кетті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Көпбалалы аналардың жағдайын жақсарту керек - сарапшы

Аттестациядан өту, математиканы бөліп оқыту. Білім саласындағы өзгерістер

Бүгін үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында болатын бірқатар өзгерістер туралы айтты.

Ұшып кеткен шатыр немесе Сапарбаевқа сәлемдеме  

Редакциямызға Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылынан Гүлмира Әлиасқарова есімді тұрғын хабарласып, «қорыққанды ғана сыйлайтын мына заманда шатырының ұшып кеткенін» айтып күйінді. Оқырман сөзін қаз-қалпында беруді жөн көрдік.