Шетел фильмдерін қазақша дыбыстау талап етілді

Айшолпан КЕРІМ

  • 04.05.2022

QazaqshaJaz қозғалысы шетел фильмдерін қазақша дыбыстауды талап етіп, петиция жариялады. 

Қозғалыс белсенділері Заңға сілтеме жасай отырып, фильмдердің қазақша субтитрленуі көрермен көңілін қанағаттандырмайтыны анықталғанын айтады.

"Бүгінгі таңда талқыланып, қабылдануы жоспарланып жатқан "Кинематография туралы" Заңның 9-бабында"…фильмдерге қазақ тілінде дубляж не субтитр жасалып, не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуі тиіс" делінген.

Жоғарыда көрсетілген бап таңдау беріп тұр, ал дубляж, субтитр мен кадр сыртындағы аударма үшеуінің арасынан дистрибьютордың субтитрді таңдайтыны айдан анық. Ол дистрибьюторға қаражат үнемдеуге мүмкіндік берсе де, қазақ тілінің ахуалын жақсартуға үлес қосуы екіталай. Осыған дейін мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында кинотеатрда көрсетілген фильмдер қазақ тілінде субтитрленіп келсе де, ол қазақтілді көрерменді қанағаттандырмайтыны анықталды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ петиция авторлары соңғы жылдары қазақша дубляждалған санаулы туындының көрермен ықыласына бөленгенін атап өткен.

"Есесіне соңғы дубляждалған "Жан", "Энканто" және "Лука" атты фильмдері жастың да, кәрінің де ыстық лебізіне ие болып, ондағы қазақша саундтректер әлеуметтік желіде трендке айналды. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ол тілді еліміздің 80% жуығы меңгерген. Басым көпшілікке Дүниежүзілік кинематографты ана тілінде көруге жағдай жасалуы керек.

Біз, қазақтілді көрермен, шетелдік фильмдердің қазақ тілінде дыбысталуын талап етеміз!" - дейді авторлар.

Петицияға мына сілтеме арқылы қол қоя аласыз.

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік