Танымал актердің бейіті табылмай жатыр 

Мұғалім бейнесімен көзі қарақты көрерменге танылды

Malim Админ

  • 27.04.2023

Қазіргі жас буын өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары Қазақстанның театр мен кино кеңістігінде ЖЕКСЕН ҚАЙЫРЛИЕВ деген актердің болғанын білмейді... Бұл туралы театр режиссері Асхат Маемиров жазды. 

«Оның есімі белгілі кинорежиссер А.Қарсақбаев түсірген «Алты жасар Алпамыс» фильміндегі басты кейіпкерлердің бірі - Мұғалім бейнесімен көзі қарақты көрерменге танылды.

Қаладан оқу бітіріп ауыл мектебіне жас ұстаз болып келген жігіттің бейнесін өте шынайы сомдады. Қаншама бозбала Жексен Қайырлиев кино экранда жасаған Мұғалім бейнесіне еліктеді.

10-нан астам фильмге түскен Ж.Қайырлиев - 1974 жылы актерлік студияны бітірген соң, бірден М.Әуезов атындағы театрдың құрамына қабылданды», деп еске алады  Асхат Максимұлы. 

Жексен Қайырлиев 1974-2000 жылдар арасында М.Әуезов атындағы театр сахнасында актер болып еңбек еткен.

Қазақ сахна өнерінің қара шаңырағында Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуында" - Қозы, М.Әуезовтің "Қарагөзінде" - Нарша, "Абайында" - Мағауия, "Қара қыпшақ Қобландысында" - Шуақ, Н.В.Гогольдің "Ревизорында" - Хлестаков, Қ.Мұхамеджановтың "Біз періште емеспізі" қойылымында - Марат секілді жиырмадан астам бейнелерді сомдады.

Қазақ радиосындағы жастарға арналған ең танымал "Сәлеметсің бе, замандас" бағдарламасында диктор Сауық Жақановамен бірлесіп жүргізген.

«Жүрегі "Өнер" деп соққан азаматтың өмірде де, театр әлемінде де достары аз болғанын замандастары айтып берді.

Жеке өмірі драмаға толы болған актёр Жексен Қайырлиев ауыр науқасқа шалдығып, туған жері Атырауда 2011 жылы, 12 мамырда дүниеден өтеді.

Атыраудың іргесіндегі Теңдіктегі қорымға жерленген.

Атырауға барған сапарымда Теңдіктегі қорымға бардым. Қорым өте үлкен болғандықтан Жексен ағамыздың бейітін ұзақ іздеп таба алмадым.  Егер,   Жексен Қайырлиевті     танитындар болса бейітін табуға көмектессеңіздер екен»,- дейді Асхат Маемиров.  

Байланысты жаналықтар

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

01.05.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Әйелдің ішкен арағы оның бойында өмір бойы қалып қояды – актер Ғалымжан Қалыбаев

22.04.2025

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

08.04.2025

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

08.04.2025

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

05.04.2025
MalimBlocks
Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

Раушан Құдайбергеннің таңдауы актер жігітке түскен

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.

Әйелдің ішкен арағы оның бойында өмір бойы қалып қояды – актер Ғалымжан Қалыбаев

Ол мұны ғалымдар зерттеген деп отыр.

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Ол Нұрлан Әлімжанмен вальс билеген видеосын жариялады.

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

Ол бойжеткеннің болған оқиғадан соң неліктен араға екі ай салып арызданғанын түсінбейтінін айтты.

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

"Менің атым Қожа" фильмінің басты кейіпкері ауыр дертке шалдыққан