Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда «Қазақ тілі» құрылтайы өтті

Мәдениет
Түркістанда «Қазақ тілі» құрылтайы өтті

Бүгін Түркістанда өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайына Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Парламент депутаттары қатысты деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында өткен құрылтайда  барлық өңірден келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, облыстар мен қала басшылары бастаған делегаттар басы қосқан. Жиналған қауым алдында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев баяндама жасап, келелі басқосудың маңыздылығына тоқталған.


Жиында сондай-ақ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті болып Берік Әбдіғали сайланып, ұйымның жаңа Жарғысы қабылданған.

Қоғамдық ұйымның вице- президенттері болып Максим Рожин мен Анар Фазылжанова сайланған. Жиында қазақ тілінің қоғамдағы ролін дамыту талқыланып, тілге қатысты заңға өзгерістер енгізу ұсынылған. Ұйымның жаңа президенті бір сөзінде «халық қай тілде сөйлесе, билік сол тілде сөйлейді" деген.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу