Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Malim Админ

  • 24.04.2025

64 жасқа қараған шағында журналист, қоғам белсендісі Серғазы Мұхтарбек өмірден озды. Бұл жөнінде жазушы, журналист Жүсіпбек Қорғасбек желідегі парақшасында хабарлады.


"Тәуелсіздік пен демократияның құндылықтары үшін арыстандай алысып, қарпысып-шарпысып жүріп, Алтынбек бәріміздің досымыз, алғадай курстың серкесі Серғазы Мұхтарбек те дүниеден озды" деп жазды ол.

Серғазы Мұхтарбек 1961 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Ол елдегі республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған.

Замандастары оны елдегі тәуелсіз журналистика мен оппозициялық газет шығару ісіне сүбелі үлес қосқан қайраткер ретінде сипаттайды. Оның жеке құрылтайшылығымен шыққан "Қазақстан" газеті кезінде елдегі қоғамдық-саяси мәселелерді қозғаған таралымы мол басылым болған.

Серғазы Мұхтарбек көзі тірісінде елдегі маңызды саяси оқиғаларға пікір-көзқарастарын мейлінше ашық білдіріп, қатысқан. Мысалы, ол былтыр АЭС бойынша референдум қарсаңында атом станциясы құрылысына қарсы шыққан белсенділердің ұсталғанын сынаған болатын. 

Фото: Facebook-тағы Серғазы Мұхтарбеков парақшасынан 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

02.05.2025

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

Министр Аида Балаева Халық әртісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын жеткізді

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады