Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дастан Сәтпаев «Челси» клубының ойыншысы атанды

Спорт
Дастан Сәтпаев  «Челси» клубының ойыншысы атанды

Алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» клубы 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде ағылшын командасына қосылады. 

Ол уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді. 

Дастан Алматыда дүниеге келген. 8 жасында «Қайрат» Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.

Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Сәтбаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде тарихқа енді. Өткен QJ лигасында жас футболшы 28 ойында 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Сәтбаев маусымның үздік ойыншысы атағын алды. Ал УЕФА жасөспірімдер лигасында (U19) 16 жасар футболшы төрт матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу