Алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев 17 маусым күні петропавлдық «Қызылжар» командасымен матчта «Қайрат» сапындағы соңғы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Осы кездесуден кейін жас футболшы мансабындағы жаңа кезеңді бастап, Англияға аттанады. 1 шілдеден бастап Сәтпаев ресми түрде "Челси" клубының жүйесіне қосылады.
Бұған дейін алматылық клуб 16 жастағы қазақстандық ойыншының трансферін ресми түрде растаған болатын. Ресми қаржылық мәлімет жарияланбағанымен, БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес, трансфердің бастапқы құны 2,4 миллион еуроны құрайды, ал түрлі бонустарды қоса есептегенде келісім сомасы 4,3 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін. Футболшымен 5 жылдық келісімшарт жасалған.
Сәтпаев жаңа клубтағы алғашқы жаттығуларын жастар құрамындағы ойыншылармен бірге бастайды. Сонымен қатар, клубтың жаңа бапкері Хаби Алонсо де жас ойыншылармен жұмыс жүргізеді.
Айта кетейік, Хаби Алонсо бұған дейін Дастан Сәтпаевтың ойынын бақылаған. Ол «Реал» сапында жұмыс істеген кезде Алматыда өткен матчта қазақстандық шабуылшының өнерін көрген болатын.
17 маусымдағы кездесу Дастан Сәтпаев үшін тек қоштасу матчы ғана емес, үлкен еуропалық футболға бастар маңызды қадам болмақ.