Денсаулық пойызы Шығыс Қазақстанға ат басын тіреді

Биыл мамандандырылған диагностикалық құралдар қатарына маммография аппараты қосылып отыр

Malim Админ

  • 04.09.2024

Шалғай елді мекендердегі халықтың денсаулығын жақсартып, қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік денсаулық пойызы тамыздың соңында Шығысқа ат басын тіреген болатын.

Ең бірінші Тишинская станциясына тізгін тартып, Риддер тұрғындарын қабылдаған жылжымалы медициналық кешен 2 қыркүйекте Алтай ауданындағы «Алтай» станциясына тоқтады. Мұнда алғашқы күні дәрігерлерден кеңес алып, диагностикадан өту үшін 120 адам келген.

Медициналық көмектен бөлек «Алтай» станциясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы мен Алтай ауданының шығармашылық ұжымдары бірлескен концерттік бағдарлама өткізіп, алтайлықтардың көңілін бір көтеріп тастады.

Қайырымдылық концерті Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және Алтай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Пойыз ары қарай келесі станцияларда тоқтап, тұрғындарды қабылдайды: 6 қыркүйекте – Бұқтырма, 8 қыркүйекте – Күмістау, 10 қыркүйекте – Таусамалы, 11 қыркүйекте – Өскемен-1. Денсаулық пойызы облыста 11 қыркүйекке дейін болады.

Айта кетсек, денсаулық пойызы 21 сәуірде жолға шыққан болатын. Медициналық бригада құрамында терапевтен бастап, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық дәрігер, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, сүт безі онкологы, гинеколог және уролог мамандар бар. Пойыз соңғы үлгідегі заманауи диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Биыл мамандандырылған диагностикалық құралдар қатарына маммография аппараты қосылып отыр.

Фото: Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген