Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тамақтану стандартын жаңартпақ

Министр бұйрығының жобасы жарияланды

Мәди Саматұлы

  • 16.01.2025

«Ашық НҚА» порталында Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Онда министрлік қауіпсіз, сапалы және теңгерімді тамақтануды қамтамасыз ету, сондай-ақ, білім беру объектілерінде тамақтануды ұйымдастыру механизмдерін жетілдіру мақсатында Бұйрық жобасын әзірлеген.

Құжаттың жаңалығы балаларды қауіпсіз, сапалы және теңгерімді тамақтанумен қамтамасыз ететін дұрыс тамақтануға қойылатын заманауи халықаралық талаптарды ескереді.

ДДҰ деректеріне сәйкес, зиянды тағамдарды тұтыну семіздік, қант диабеті, жүрек ауруы және қатерлі ісік сияқты созылмалы аурулардың 60%-дан астамына душар етеді. Мәселен, 6-9 жас аралығындағы қазақстандық балалардың 21%-ы артық салмаққа ие. Артық салмақ дертінің таралуы 2015-2020 жылдар аралығында 5%-дан аса өскен.

Түзетулердің басты артықшылығы – тұзды, қантты және майды тұтынуды азайту, көкөністер мен жемістерді (көкөністер мен жемістер кальцийге, темірге, фолий қышқылына және балалардың денсаулығын қолдайтын, иммундық жүйесін нығайтатын басқа дәрумендерге бай)  тұтынуды арттыру көзделген, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Тұз бен қантты тұтынудың жоғары деңгейі семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар сияқты жұқпалы емес аурулардың дамуының жетекші факторларының бірі болып табылады.

Осы құжатты қабылдау тамақтанудың қауіпсіздігін, сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ білім беру объектілерінде балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруға бірыңғай талаптар белгілеуді көздейді, деп жазылған құжат мәтінінде.

Фото: uniface.kz

Байланысты жаналықтар

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

05.04.2025

Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

03.04.2025

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

01.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

30.03.2025

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

30.03.2025

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

27.03.2025
MalimBlocks
ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде жаңа вирус пайда болғаны туралы хабарламаларға пікір білдірді

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол тұра алмай қаламын деп қорыққан.

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

Қызық жағдай кинoда бoлып жатыр. Бұрын «талантты, маман кинo рeжиссeрлeрi жeтпeйдi» дeп қиналатынбыз. Eндi eлугe жуық рeжиссeр бар, ал қoятынымыз – жылына бiр фильм. Бiр кeздeгi eң таңдаулы кинo қалашығы қаңырап тұр. Oл да шeтeлдiктeргe жалға iстeп жатыр.

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

Ақтөбеде балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйелді қамауға алынды