Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын төмендету мәселесін талқылады

Министр фармацевтика компанияларсын бағаны төмендетуге шақырды

Мәди Саматұлы

  • 27.07.2024

Денсаулық сақтау министрлігінде қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың өкілдерімен және негізгі дистрибьюторлармен 2025 жылға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

«СҚ-Фармация» ЖШС деректері бойынша бірыңғай дистрибьютор сатып алуды ұзақмерзімді шарттар, тікелей келісімшарттар, халықаралық ұйымдар мен тендерлер арқылы жүзеге асырады. Тендер және отандық өндірушілермен ұзақмерзімді шарттар бойынша сатып алу үлесі 88%-ды құрайды.

Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша былтыр шамамен 21.5 млрд теңге үнемделген. Биыл үнемдеу қаражаты 50 млрд теңгеге дейін ұлғайтылған. Дегенмен, генериялық немесе биоұқсас препараттардың бағасы бастапқы дәрі-дәрмектердің құнынан асатын жағдайлар бар.

Сатып алудағы отандық өнім үлесін ұлғайту үшін 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақмерзімді шарттар жасасу бойынша қолдау шарасы көзделген. Дегенмен, өндіруші мен дистрибьютордың барлығы бірдей жеңілдік бермейді.

Денсаулық сақтау министрі фармацевтикалық компаниялардың өкілдерін әлеуметтік жауапкершілікті көрсетуге және бағаны төмендетуді қайта қарауға шақырды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

01.04.2025

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

01.04.2025

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

01.04.2025

Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті?

30.03.2025

Қазақстанда кімдер аллергиядан тегін дәрі-дәрмек ала алады?

30.03.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

30.03.2025
MalimBlocks
БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы деректерді жариялады

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол тұра алмай қаламын деп қорыққан.

Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті?

Наурызда Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі баяулады. Егер былтырғы қыркүйектен бастап пәтерлер айына шамамен 1% қымбаттаса, биыл наурызда бұл көрсеткіш небары 0,4% болды

Қазақстанда кімдер аллергиядан тегін дәрі-дәрмек ала алады?

СҚ-Фармация Қазақстанда кімдер аллергиядан тегін дәрі-дәрмек ала алатынын айтты

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

Қызық жағдай кинoда бoлып жатыр. Бұрын «талантты, маман кинo рeжиссeрлeрi жeтпeйдi» дeп қиналатынбыз. Eндi eлугe жуық рeжиссeр бар, ал қoятынымыз – жылына бiр фильм. Бiр кeздeгi eң таңдаулы кинo қалашығы қаңырап тұр. Oл да шeтeлдiктeргe жалға iстeп жатыр.