Төрт сағат арпалысқан. Жетісулық дәрігер ұшақта науқасты ажалдан арашалады

Тынысы тарылып, қан қысымы көтерілген

Malim Админ

  • 29.01.2025

Сауд Арабиясындағы қажылықтан елге оралып келе жатқан павлодарлық азамат жетісулық дәрігердің арқасында өлімнен аман қалды. Дәрігер оның өмірі үшін төрт сағатқа жуық күресіп, Алматыға аман-есен жетуге себепкер болған,- деп хабарлайды Malim.kz.  

Павлодарлық Мұрат Иманғазинов биылғы 19 қаңтар күні Сауд Арабиясындағы Жидда қаласынан Алматыға ұшақпен ұшып келе жатып, аяқ астынан денсаулығы нашарлаған. Тұмауға қарсы дәрінің бірнешеуін ішіп, ұйықтап кеткен ол арада бір сағат өткенде бет-аузы адам танымастай ісіп оянған.

Аллергиялық ауру пайда болғанын бірден сезіндім. Бетім, мойын тұсым ісініп кеткен. Жерден 10 мың метр биіктікте келе жатқан соң ба, тынысым тарылып, қан қысымым көтеріліп, ахуалым нашарлап бара жатқанын сезіндім. Бортсерік қырғыз қызы менің жағдайымды ұшақ ішіндегі жолаушыларға хабарлап, шұғыл түрде дәрігер қажет екенін айтып жатты. Абырой болғанда бізбен бірге Жетісу облысының дәрігері Жаннұр Сырымов деген азамат ұшып келе жатыр екен. Ол бірден жаныма келіп, дәріхана қобдишасын алып шықты да, маған екпе жасап, система салуды бастап кетті. Бұл уақытта біз шамамен Қап тауларының үстінде ұшып келе жатыппыз. Экипаж шұғыл жағдай болса, ұшақты жақын маңдағы әуежайдың біріне қондырамыз деген шешім қабылдаған екен. Бірақ Жаннұр Мәуленұлы өз ісінің кәсіби маманы екенін танытып, менің өмірім үшін төрт сағаттай күресіп, Алматыға аман түсірді. Өміріме араша түскен абзал жанға шексіз ризашылығымды айтқым келеді, - дейді Мұрат Иманғазинов.

Kazinform.kz жазуынша, Жаннұр Сырымов бүгінде Жетісу облысы, Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады. Сол сапарында Меккеге мүгедек әкесін қажылыққа апарып, қайтып келе жатқан.

Науқасқа өмірімде әуеде медциналық көмек көрсетем деген ой болмапты. Әкеме үнемі ем-дом жасап жүретіндіктен, жанымда дәрі-дәрмек қобдишасын ұстайтынмын. Бортсерік қыздың хабарлауынан соң науқас ағаның жанына жедел барып қарасам, көзінің айналасы мен беті ісіне бастаған. Мұны медицина тілінде «Квинке ісінуі» деп атайды. Егер 15-20 минут ішінде адамға медициналық көмек көрсетілмесе, өліп кетуі ықтимал. Бірден «Аллергопресс» және «Преднизолон» препараттарын ектім. Одан соң қан қысымын өлшеп, тілінің астына таблетка салдым. Система салуды да бастадым», - деп еске алды  Жаннұр Сырымов сол бір оқиға жайында.

Фото: pixabay.com  

Байланысты жаналықтар

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

05.04.2025

Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

03.04.2025

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

01.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

30.03.2025

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

30.03.2025
MalimBlocks
Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде жаңа вирус пайда болғаны туралы хабарламаларға пікір білдірді

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол тұра алмай қаламын деп қорыққан.

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

Қызық жағдай кинoда бoлып жатыр. Бұрын «талантты, маман кинo рeжиссeрлeрi жeтпeйдi» дeп қиналатынбыз. Eндi eлугe жуық рeжиссeр бар, ал қoятынымыз – жылына бiр фильм. Бiр кeздeгi eң таңдаулы кинo қалашығы қаңырап тұр. Oл да шeтeлдiктeргe жалға iстeп жатыр.

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды