freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Депутат Саиров экс-шенеуніктердің Дубайдағы пәтерлерін тексеруді талап етпек

Қоғам
Депутат Саиров экс-шенеуніктердің Дубайдағы пәтерлерін тексеруді талап етпек
Мәжіліс

Депутат Ерлан Саиров бас прокуратураға өтініш сауал жолдап, бұрынғы шенеуніктердің шетелдегі пәтерлерін тексеруді талап етпек. Оның ішінде Дубай да бар, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq.org сайтына сілтеме жасап. 

1 наурызда Дубайда Fairmont The Palm тұрғын үй кешені атқыланып, өрт шыққан. Әлеуметтік желіде ол жақта қазақстандық ауқатты азаматтар, оның ішінде қазақстандық бұрынғы шенеуніктерге тиесілі баспана зардап шеккен болуы мүмкін екені талқыланып жатыр.

Азаттық радиосының "Дубайдағы Қазақстан" зерттеуіне негіз болған C4ADS ұйымының 2022 жылғы дерегінше, онда қазақстандықтарға тиесілі 97 пәтер бар. Арасында бұрынғы сенат төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы, Алматы облысының бұрынғы әкімінің әйелі Бағдат Баталова және өзге де тұлғалардың жылжымайтын мүліктері бар.

4 наурызда мәжіліс кулуарында депутат Ерлан Саиров бас прокуратураға өтініш сауал жолдап, бұрынғы шенеуніктердің шетелдегі мүліктеріге құқықтық баға беруді сұрайтынын айтты. Саировтың видеосын “За нами выехали” телеграм-арнасы жариялады.

Депутат қағаз жүзінде олар "заң бұзбаған да болуы мүмкін" деді, бірақ бас прокуратура бұған реакция білдіруге міндетті деп санайды. “Моральдық тұрғыдан алғанда бұл дұрыс емес, тіпті адамдыққа да жатпайды” деді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу